О присвоении наименований и переименовании организаций образования и культуры Кызылординской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2020 года № 712.

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1996 года № 281 "Об утверждении Правил присвоения наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическим и другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Присвоить следующим организациям образования Кызылординской области:

      1) коммунальному государственному казенному предприятию "Школа искусств" Кызылординского городского отдела образования имя Мулькамана Калауова;

      2) коммунальному государственному учреждению "Школа-гимназия № 80 Кармакшинского районного отдела образования" имя Темирбека Жургенова;

      3) коммунальному государственному учреждению "Средняя школа № 279" Кармакшинского районного отдела образования" имя Елеу Кушербаева;

      4) коммунальному государственному учреждению "Школа-лицей № 201" Жалагашского районного отдела образования имя аль-Фараби.

      2. Переименовать следующие организации образования и культуры Кызылординской области:

      1) коммунальное государственное учреждение "Школа "Мұрагер" со специализированными классами для одаренных детей с обучением на трех языках" Кызылординского городского отдела образования в коммунальное государственное учреждение "Школа имени Абая со специализированными классами для одаренных детей с обучением на трех языках" Кызылординского городского отдела образования;

      2) государственное коммунальное казенное предприятие "Казалинский районный Центр культуры отдела культуры и развития языков Казалинского района" Казалинского районного отдела культуры и развития языков в государственное коммунальное казенное предприятие "Районный центр культуры имени Розы Баглановой отдела культуры и развития языков Казалинского района" Казалинского районного отдела культуры и развития языков.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 712 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда облысының мынадай білім беру ұйымдарына:

      1) Қызылорда қаласы білім бөлімінің "Өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мүлкаман Қалауовтың есімі;

      2) "Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 80 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Темірбек Жүргеновтің есімі;

      3) "Қармақшы аудандық білім бөлімінің "№ 279 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Елеу Көшербаевтың есімі;

      4) Жалағаш аудандық білім бөлімінің "№ 201 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілсін.

      2. Қызылорда облысының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарының атауы:

      1) Қызылорда қаласы білім бөлімінің "Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар "Мұрагер" мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қызылорда қаласы білім бөлімінің "Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Қазалы аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің "Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қазалы аудандық мәдениет Орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазалы аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің "Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин