О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 "Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 ноября 2020 года № 736.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 "Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 7, ст. 67) следующие изменения:

      в Правилах назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Государственная стипендия назначается и выплачивается студентам, интернам, магистрантам, докторантам, врачам-резидентам, слушателям подготовительных отделений организаций высшего и (или) послевузовского образования, обучающимся в организациях образования по государственному образовательному заказу по очной форме обучения.";

      пункты 11, 12 и 13 изложить в следующей редакции:

      "11. Докторантам, врачам-резидентам и слушателям подготовительных отделений государственная стипендия назначается на весь срок обучения и выплачивается независимо от результатов промежуточной аттестации (экзаменационной сессии) в течение всего периода обучения.

      12. В период нахождения студентов, интернов, магистрантов, врачей-резидентов, докторантов в академическом отпуске государственная стипендия не выплачивается, за исключением академических отпусков, предоставленных на основании медицинского заключения (заключение врачебно-консультационной комиссии).

      Студентам, интернам, магистрантам, возвратившимся из академического отпуска, назначение и выплата государственной стипендии осуществляются в порядке, установленном настоящими Правилами, после устранения академической разницы в учебных планах.

      Студентам, интернам, магистрантам, оставленным на повторный год обучения по болезни с момента их возвращения, государственная стипендия назначается и выплачивается в порядке, установленном настоящими Правилами, по итогам предыдущего семестра, в котором выполнен учебный план.

      Студентам, интернам, магистрантам, врачам-резидентам, докторантам, больным туберкулезом, при наличии соответствующего медицинского заключения государственная стипендия назначается и выплачивается за период нетрудоспособности, но не более десяти месяцев со дня наступления нетрудоспособности независимо от итогов предыдущего семестра.

      13. Студентам, интернам, магистрантам, врачам-резидентам, докторантам на период отпуска по беременности и родам государственная стипендия выплачивается в размерах, установленных до ухода в отпуск по беременности и родам, в течение всего срока, установленного действующим законодательством Республики Казахстан.

      При представлении справки о временной нетрудоспособности в связи с беременностью и родами в период академического отпуска, академический отпуск прерывается и оформляется отпуск по беременности и родам.

      В период нахождения студентов, интернов, магистрантов, докторантов, врачей-резидентов в отпуске по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет государственная стипендия не назначается.";

      пункты 17, 18 и 19 изложить в следующей редакции:

      "17. Обучающимся по государственному образовательному заказу размер ежемесячной государственной стипендии устанавливается:

      1) студентам, обучающимся в организациях образования, реализующих образовательные программы высшего образования, за исключением студентов, обучающихся на педагогических направлениях подготовки, – 26186 (двадцать шесть тысяч сто восемьдесят шесть) тенге;

      2) студентам, обучающимся на педагогических направлениях подготовки в организациях образования, реализующих образовательные программы высшего образования, – 42000 (сорок две тысячи) тенге;

      3) интернам – 47431 (сорок семь тысяч четыреста тридцать один) тенге;

      4) магистрантам – 66913 (шестьдесят шесть тысяч девятьсот тринадцать) тенге;

      5) магистрантам, обучающимся в автономной организации образования "Назарбаев Университет", – 125000 (сто двадцать пять тысяч) тенге;

      6) докторантам – 150000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      7) врачам-резидентам и магистрантам в области здравоохранения – 76951 (семьдесят шесть тысяч девятьсот пятьдесят один) тенге;

      8) магистрантам Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан, направленным на обучение из государственных органов, – на уровне должностного оклада по последнему месту работы, но не ниже размера стипендии, установленного для магистрантов, обучающихся по государственному образовательному заказу;

      9) студентам, обучающимся в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального образования по рабочим квалификациям, – 21787 (двадцать одна тысяча семьсот восемьдесят семь) тенге.

      18. Государственная стипендия студентов, обучающихся в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального (предусматривающие подготовку специалистов среднего звена), послесреднего образования, устанавливается на уровне 80 (восемьдесят) процентов от размера ежемесячной государственной стипендии студентов, обучающихся в организациях образования, реализующих образовательные программы высшего образования, указанных в подпункте 1) пункта 17 настоящих Правил.

      19. Слушателям подготовительных отделений организаций высшего и (или) послевузовского образования размер государственной стипендии устанавливается на уровне 85 (восемьдесят пять) процентов от размера ежемесячной государственной стипендии студентов, обучающихся в организациях образования, реализующих образовательные программы высшего образования, указанных в подпункте 1) пункта 17 настоящих Правил.";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Студентам, интернам, магистрантам, докторантам, врачам-резидентам, находящимся в академическом отпуске на основании медицинского заключения, на время академического отпуска государственная стипендия устанавливается в размере 50 (пятьдесят) процентов (инвалидам – 75 (семьдесят пять) процентов) соответственно от размера государственной стипендии докторантов, врачей-резидентов, студентов, интернов, магистрантов.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев шестнадцатого, семнадцатого, двадцать первого, двадцать пятого и двадцать шестого пункта 1, которые вводятся в действие с 1 сентября 2020 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № 736 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №7, 67-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, дәрігер-резиденттерге, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына тағайындалады және төленеді.";

      11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік стипендия докторанттарға, дәрігер-резиденттерге және дайындық бөлімшелерінің тыңдаушыларына бүкіл оқу мерзіміне тағайындалады және аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелеріне қарамастан бүкіл оқу кезеңінде төленеді.

      12. Медициналық қорытындының (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның қорытындысы) негізінде берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттер, интерндер, магистранттар, дәрігер-резиденттер, докторанттар академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия төленбейді.

      Академиялық демалыстан оралған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, дәрігер-резиденттерге, докторанттарға мемлекеттік стипендия тағайындау және төлеу оқу жоспарларындағы академиялық айырма жойылғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Сырқатына байланысты екінші оқу жылына қалдырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия олар оралған сәттен бастап осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оқу жоспары орындалған алдыңғы семестрдің қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.

      Туберкулезбен ауыратын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, дәрігер-резиденттерге, докторанттарға мемлекеттік стипендия тиісті медициналық қорытындысы болған кезде, алдыңғы семестрдің қорытындысына қарамастан еңбекке жарамсыздық кезеңі үшін тағайындалады және төленеді, бірақ еңбекке жарамсыздық басталған күннен бастап он айдан аспайды.

      13. Жүктілігіне және босануына байланысты демалысы кезеңіне студенттерге, интерндерге, магистранттарға, дәрігер-резиденттерге, докторанттарға мемлекеттік стипендия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген бүкіл мерзім ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шыққанға дейін белгіленген мөлшерде төленеді.

      Академиялық демалыс кезеңінде жүктілігіне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама ұсынған жағдайда, академиялық демалыс тоқтатылып, жүктілігіне және босануына байланысты демалыс ресімделеді.

      Студенттер, интерндер, магистранттар, докторанттар, дәрігер-резиденттер бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия тағайындалмайды.";

      17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері:

      1) даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 26186 (жиырма алты мың бір жүз сексен алты) теңге;

      2) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге – 42000 (қырық екі мың) теңге;

      3) интерндерге – 47431 (қырық жеті мың төрт жүз отыз бір) теңге;

      4) магистранттарға – 66913 (алпыс алты мың тоғыз жүз он үш) теңге;

      5) "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға – 125000 (бір жүз жиырма бес мың) теңге;

      6) докторанттарға – 150000 (бір жүз елу мың) теңге;

      7) дәрігер-резиденттерге және денсаулық сақтау саласындағы магистранттарға – 76 951 (жетпіс алты мың тоғыз жүз елу бір) теңге;

      8) мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлық ақысының, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алып жатқан магистранттар үшін белгіленген стипендиядан төмен емес деңгейде;

      9) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге 21787 (жиырма бір мың жеті жүз сексен жеті) теңге мөлшерінде белгіленеді.

      18. Техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің мемлекеттік стипендиясы осы Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 80 (сексен) пайызы деңгейінде белгіленеді.

      19. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия мөлшері осы Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 85 (сексен бес) пайызы деңгейінде белгіленеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Академиялық демалыстағы студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, дәрігер-резиденттерге медициналық қорытындының негізінде академиялық демалыс кезінде мемлекеттік стипендия тиісінше докторанттардың, дәрігер-резиденттердің, студенттердің, интерндердің, магистранттардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50 (елу) пайызы (мүгедектерге – 75 (жетпіс бес) пайызы) мөлшерінде белгіленеді.".

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он алтыншы, он жетінші, жиырма бірінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин