О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2014 года № 301 "Об утверждении Правил возмещения расходов участников национального превентивного механизма по превентивным посещениям"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2020 года № 779.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2014 года № 301 "Об утверждении Правил возмещения расходов участников национального превентивного механизма по превентивным посещениям" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 25, ст. 196) следующие изменение и дополнение:

      в Правилах возмещения расходов участников национального превентивного механизма по превентивным посещениям, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 5:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) накладные расходы, включающие расходы на приобретение канцелярских товаров, копирование собранных материалов, за пользование телефонной связью, интернетом и почтовыми услугами, – в размере, не превышающем двух месячных расчетных показателей на каждого участника национального превентивного механизма, осуществлявшего превентивное посещение;";

      дополнить подпунктом 4) следующего содержания:

      "4) расходы на медицинское и лабораторное обследование, приобретение средств индивидуальной защиты (медицинские маски, одноразовые перчатки, медицинский защитный экран, одноразовый защитный халат или комбинезон) в период ограничительных мероприятий, в том числе карантина, которые введены решением главного государственного санитарного врача Республики Казахстан (соответствующей территории) или его заместителей при возникновении, угрозе завоза и распространения инфекционных заболеваний в соответствии с законодательством Республики Казахстан, – в размере, не превышающем пяти месячных расчетных показателей на каждого участника национального превентивного механизма, осуществлявшего превентивное посещение.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 сентября 2020 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 779 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 196-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу жөніндегі шығыстарын өтеу қағидаларында:

      5-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кеңсе тауарларын сатып алуға, жиналған материалдардың көшірмелерін жасауға арналған, телефон байланысын, интернет пен пошта қызметтерін пайдаланғаны үшін шығыстарды қамтитын, алдын ала болуды жүзеге асыратын ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі жүкқұжат шығыстары;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инфекциялық аурулар туындаған, әкеліну және таралу қаупі төнген кезде Қазақстан Республикасының (тиісті аумақтың) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының шешімімен енгізілген шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде медициналық және зертханалық тексеруге, жеке қорғаныш құралдарын (медициналық маскалар, бір рет қолданылатын қолғаптар, медициналық қорғаныш қалқаны, бір рет қолданылатын қорғаныш халаты немесе комбинезон) сатып алуға арналған алдын ала болуды жүзеге асырған ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі шығыстар.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин