О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2018 года № 669 "О некоторых вопросах лицензирования медицинской и фармацевтической деятельности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2020 года № 828.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2018 года № 669 "О некоторых вопросах лицензирования медицинской и фармацевтической деятельности" (САПП Республики Казахстан, 2018 г., № 60, ст. 325.) следующее изменение:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Определить:

      1) лицензиаром по осуществлению медицинской деятельности, за исключением судебно-медицинской, судебно-наркологической, судебно-психиатрической экспертиз, территориальные подразделения ведомства государственного органа в сфере оказания медицинских услуг (помощи);

      2) лицензиаром по осуществлению видов фармацевтической деятельности, указанных в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5) и 7) статьи 230 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", а также видов деятельности, связанных с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров в области здравоохранения, территориальные подразделения ведомства государственного органа в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий;

      3) органами, осуществляющими согласование выдачи лицензии на медицинскую и фармацевтическую деятельность на объекты высокой эпидемической значимости, территориальные подразделения ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения на соответствующих территориях.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 828 қаулысы.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 60, 325-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, медициналық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

      2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

      3) тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері эпидемиялық мәні жоғары объектілерге медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин