О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 1069 "Об утверждении Положения о деятельности инвестиционного омбудсмена"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2020 года № 833.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 1069 "Об утверждении Положения о деятельности инвестиционного омбудсмена" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 72-73-74, ст. 539), следующие изменения:

      в Положении о деятельности инвестиционного омбудсмена, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 9:

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) проводит совещания, консультации, протокольные встречи с государственными органами и организациями для урегулирования вопросов инвесторов, заслушивает руководителей заинтересованных государственных органов и организаций или их заместителей по вопросам рассмотрения обращений инвесторов.

      До направления исковых заявлений в суды государственные органы информируют рабочий орган инвестиционного омбудсмена об инициировании судебного разбирательства;";

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) направляет соответствующему государственному органу и/или должностному лицу, действиями (бездействием) которого нарушены права и законные интересы инвестора, рекомендации, направленные на восстановление нарушенных прав и законных интересов инвесторов.

      Государственный орган и/или должностное лицо, получившие рекомендации, представляют письменный ответ инвестиционному омбудсмену о результатах их рассмотрения в установленном законодательством порядке.

      Рекомендации инвестиционного омбудсмена оформляются в виде протоколов совещаний у инвестиционного омбудсмена или писем.

      Реализация рекомендаций инвестиционного омбудсмена может осуществляться путем утверждения плана мероприятий государственным органом.

      В случае несогласия с рекомендациями инвестиционного омбудсмена, должностное лицо в письменном виде мотивирует свое решение по существу.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Протокольные совещания инвестиционного омбудсмена по рассмотрению проблемных вопросов инвесторов проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал. При этом, на совещание приглашаются представители заинтересованных государственных органов и организаций.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1069 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 833 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1069 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 72-73-74, 593-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережеде:

      9-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) инвесторлардың мәселелерін реттеу үшін мемлекеттік органдармен және ұйымдармен мәжілістер, консультациялар, хаттамалық кездесулер өткізеді, инвесторлардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларын немесе олардың орынбасарларын тыңдайды.

      Талап арыздарды сот органдарына жолдағанға дейін мемлекеттік органдар инвестициялық омбудсменнің жұмыс органын сот талқылауына бастама жасалғаны туралы хабардар етеді;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әрекеті (әрекетсіздігі) инвестордың құқығы мен заңды мүдделерін бұзған тиісті мемлекеттік органға және/немесе лауазымды тұлғаға инвесторлардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған ұсынымдарды жолдайды.

      Ұсынымдарды алған мемлекеттік орган және/немесе лауазымды тұлға инвестициялық омбудсменге оларды заңнамада белгіленген тәртіппен қарау нәтижелері туралы жазбаша жауап береді.

      Инвестициялық омбудсменнің ұсынымдары инвестициялық омбудсменде өткен мәжілістер хаттамалары немесе хаттар түрінде ресімделеді.

      Инвестициялық омбудсменнің ұсыныстарын орындау мемлекеттік органның іс-шаралар жоспарын бекітуі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Инвестициялық омбудсменнің ұсынымдарымен келіспеген жағдайда лауазымды тұлға өз шешімін мәні бойынша жазбаша түрде уәждейді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14.) Инвестициялық омбудсменнің инвесторлардың проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі хаттамалық кеңестері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Бұл ретте мәжіліске мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері шақырылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин