О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 "Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2020 года № 879.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 "Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 56, ст. 800) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах определения объектов, подлежащих государственной охране, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 1) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "1) административные здания и объекты центральных государственных и местных исполнительных органов Республики Казахстан республиканского значения, Верховного Суда Республики Казахстан, Военного суда Республики Казахстан, областных и приравненных к ним судов, Генеральной прокуратуры Республики Казахстан, Комитета по правовой статистике и специальным учетам, Академии правоохранительных органов, прокуратур областей и приравненных к ним прокуратур;";

      в пункте 6:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) объекты Республики Казахстан, охраняемые Службой государственной охраны Республики Казахстан совместно с подразделениями органов внутренних дел, включенные в перечень, утверждаемый начальником Службы государственной охраны Республики Казахстан по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан, а также объекты, имеющие важное государственное значение;";

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) объекты с государственными материальными резервами – склады по хранению горюче-смазочных материалов, продовольственные и вещевые склады;";

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) объекты использования атомной энергии, в том числе территории, содержащие радиоактивные отходы;";

      в требованиях по инженерно-технической укрепленности объектов, подлежащих государственной охране, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 1:

      подпункт 7) изложить в следующей редакции:

      "7) объект – здание, сооружение или участок местности, где сосредоточены товарно-материальные ценности или иные предметы, а также территории, содержащие радиоактивные отходы, подлежащие обязательной охране;";

      дополнить подпунктом 7-1) следующего содержания:

      "7-1) территории, содержащие радиоактивные отходы, – места проведения ядерных испытаний;";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Настоящие требования распространяются на действующие, вновь проектируемые, реконструируемые и технически перевооружаемые объекты, подлежащие государственной охране, независимо от формы собственности и ведомственной принадлежности, расположенные на территории Республики Казахстан, а также устанавливают нормы, порядок и способы оснащения инженерно-техническими средствами и системами безопасности объектов с целью противодействия преступным посягательствам на них.

      Требования по инженерно-технической укрепленности объектов Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований предусматриваются в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 5 июля 2007 года № 364 "Об утверждении общевоинских уставов Вооруженных сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан", а также приказами первых руководителей соответствующих государственных органов.

      Службой государственной охраны Республики Казахстан устанавливаются дополнительные требования к системе антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, предназначенных для пребывания охраняемых лиц, с учетом настоящих требований, объема и специфики организационных, охранных, режимных и иных мер, обеспечивающих необходимые уровни их безопасности.

      Требования к монтажу и оборудованию интегрированной системы безопасности на режимных объектах органов национальной безопасности Республики Казахстан утверждаются Председателем Комитета национальной безопасности Республики Казахстан с учетом настоящих требований, объема и специфики организационных, охранных, режимных и иных мер, обеспечивающих необходимые уровни их безопасности.";

      в пункте 6:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) категория А – объекты с государственными материальными резервами – склады по хранению наркотических средств, горюче-смазочных материалов, продовольственные и вещевые склады; объекты использования атомной энергии; объекты отрасли, производящей продукцию военно-промышленного назначения;";

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) категория С – административные здания и объекты центральных государственных и местных исполнительных органов Республики Казахстан, Верховного Суда Республики Казахстан, Военного суда Республики Казахстан, областных и приравненных к ним судов, Генеральной прокуратуры Республики Казахстан, Комитета по правовой статистике и специальным учетам, Академии правоохранительных органов, прокуратур областей и приравненных к ним прокуратур; объекты Национального Банка Республики Казахстан, его филиалы и хранилища; расположенные на территории Республики Казахстан иностранные дипломатические представительства, иностранные консульские учреждения, международные организации и представительства международных организаций; объекты связи, теле- и радиовещания республиканского значения; объекты космической инфраструктуры.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Объекты, подлежащие государственной охране, имеющие территорию, оборудуются по периметру ограждением, препятствующим свободному проходу лиц и проезду транспортных средств на объект и с объекта, минуя КПП.

      Прилегающая территория административных зданий центральных государственных и местных исполнительных органов, их территориальных подразделений, организаций и ведомств, объектов Управления Делами Президента Республики Казахстан, за исключением специальных государственных и правоохранительных органов, не оборудуется по периметру ограждением в случае нарушения архитектурно-художественного облика и ансамбля городской застройки с учетом градостроительных, ландшафтных и климатических условий.

      Указанные объекты оснащаются интеллектуальными информационными системами, обеспечивающими распознавание лиц по категориям учетного контингента, обнаружение объектов и ситуаций по камерам видеонаблюдения.

      Примечание: при наличии достаточных оснований и средств магистральные трубопроводы и территории месторождений также могут оборудоваться ограждением, препятствующим свободному проходу лиц и проезду транспортных средств в охранные зоны объектов, минуя КПП.

      Требования настоящего пункта не распространяются на территории, содержащие радиоактивные отходы.";

      дополнить пунктом 35-2 следующего содержания:

      "35-2. Для территорий, содержащих радиоактивные отходы, предусматривается построение систем безопасности по эшелонированному принципу тремя уровнями безопасности:

      1) предупреждающий – границы территорий обозначаются знаками на расстоянии не более 200 м друг от друга в прямой видимости, в местах изменения рельефа местности устанавливаются дополнительные знаки;

      2) сдерживающий – устанавливаются физические барьеры подходящего типа (ограждение, отвал грунта, ров, валуны, бетонные блоки, ворота);

      3) обнаружение и нейтрализация – устанавливаются технические средства обнаружения вторжения с выводом сигналов оператору системы безопасности, средства видеооценки ситуации, системы электрического питания и передачи данных.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 879 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Әскери сотының, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Құқық қорғау органдары академиясының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестiрiлген прокуратураларының әкімшілік ғимараттары мен объектілері;";

      6-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ішкі істер органдарының бөлімшелерімен бірлесіп күзететін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітетін тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының объектілері, сондай-ақ маңызды мемлекеттік мәні бар объектілер;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер – жанар-жағар май материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлік және киім-кешек қоймалары;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) атом энергиясын пайдалану объектілері, оның ішінде радиоактивті қалдықтары бар аумақтар;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:

      1-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) объект – ғимарат, құрылыс немесе міндетті күзетілуі тиіс тауар-материалдық құндылықтар немесе өзге де заттар шоғырланған жергілікті жер учаскесі, сондай-ақ радиоактивті қалдықтары бар аумақтар;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) радиоактивті қалдықтары бар аумақтар – ядролық сынақтар жүргізілген жерлер;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы талаптар меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, қолданыстағы, жаңадан жобаланатын, реконструкцияланатын және техникалық қайта жабдықталатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерге қолданылады, сондай-ақ объектілерге қылмыстық қол сұғуға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды инженерлік-техникалық құралдармен және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырудың нормаларын, тәртібі мен тәсілдерін белгілейді.

      Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұйрықтарына сәйкес көзделеді.

      Күзетілетін адамдардың болуына арналған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі осы талаптарды, олардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, күзет, режимдік және өзге де шаралардың көлемі мен ерекшелігін ескере отырып белгілейді.

      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының режимдік объектілеріндегі біріктірілген қауіпсіздік жүйесін монтаждауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды, олардың қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін осы талаптарды, ұйымдастырушылық, күзет, режимдік және өзге де шаралардың көлемі мен ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бекітеді.";

      6-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) А санаты – мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер – есірткі құралдарын, жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлік және киім-кешек қоймалары; атом энергиясын пайдалану объектілері; әскери-өнеркәсіптік мақсаттағы өнім шығаратын сала объектілері;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) С санаты – Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Әскери сотының, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Құқық қорғау органдары академиясының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестiрiлген прокуратураларының әкімшілік ғимараттары мен объектілері; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң объектiлерi, оның филиалдары мен сақтау қоймалары; Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, шетелдік консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері; республикалық маңызы бар байланыс, теле және радиохабар тарату объектiлерi; ғарыш инфрақұрылымының объектілері.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Аумағы бар, мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілер периметрі бойынша адамдар мен көлік құралдарының БӨП-ті айналып өтіп, объектіге еркін өтуіне және объектіден еркін шығуына кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталады.

      Қала құрылысы, ландшафт және климаттық жағдайларды есепке ала отырып, қалалық құрылыстың сәулет-көркемдік келбеті мен ансамблі бұзылатын жағдайда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қоспағанда, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, ұйымдарының және ведомстволарының әкімшілік ғимараттарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы объектілерінің іргелес аумағы периметрі бойынша қоршаумен жабдықталмайды.

      Көрсетілген объектілер адамдарды есепке алынған контингент санаттары бойынша айырып-танып білуді, объектілер мен жағдайларды бейнебақылау камералары бойынша табуды қамтамасыз ететін зияткерлік ақпараттық жүйелермен жарақтандырылады.

      Ескертпе: жеткілікті негіздер мен құралдар болған кезде магистральдық құбыржолдар мен кен орындарының аумақтары да адамдар мен көлік құралдарының БӨП-ті айналып өтіп, объектілердің күзетілетін аймақтарына еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталуы мүмкін.

      Осы тармақтың талаптары радиоактивті қалдықтары бар аумақтарға қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 35-2-тармақпен толықтырылсын:

      "35-2. Радиоактивті қалдықтары бар аумақтар үшін қауіпсіздіктің үш деңгейімен эшелондау қағидаты бойынша қауіпсіздік жүйелерін құру көзделеді:

      1) ескертуші – аумақтардың шекаралары тікелей көрінетін, бір-бірінен 200 метрден аспайтын қашықтықта орнатылған белгілермен белгіленеді, жер бедері өзгерген жерлерде қосымша белгілер орнатылады;

      2) тежеуші – қолайлы түрдегі физикалық тосқауылдар (қоршаулар, топырақ үйінділері, орлар, қойтастар, бетон блоктар, қақпалар) орнатылады;

      3) анықтау және бейтараптандыру – қауіпсіздік жүйесінің операторына сигналдарды бере отырып, басып кіруді анықтаудың техникалық құралдары, жағдайды бейнебағалау құралдары, электрмен қоректендіру және деректерді беру жүйелері орнатылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин