О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № 947.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 25, ст. 260) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      подпункт 4) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "4) подарков, указанных в пункте 1 статьи 216 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", переданных государственными служащими и иными лицами, принимающими на себя антикоррупционные ограничения в соответствии со статьей 12 Закона Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года "О противодействии коррупции", а также членами их семей (далее – подарки);";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Учет и хранение имущества";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Оценка имущества";

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Дальнейшее использование имущества";

      часть первую пункта 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Жилища, обращенные (поступившие) в собственность государства по отдельным основаниям, указанным в статье 19 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", включаются в государственный жилищный фонд.";

      пункт 24 исключить;

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Подарки, полученные государственными служащими или иными лицами, принимающими на себя антикоррупционные ограничения в соответствии со статьей 12 Закона Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года "О противодействии коррупции", и членами их семей за действия (бездействие) в пользу дарителя, если такие действия входили в служебные полномочия указанных лиц или они в силу должностного положения способствовали таким действиям (бездействию), либо подарки, поступившие без ведома указанных лиц и членов их семей, а также подарки, переданные (врученные) им и членам их семей во время протокольных и других официальных мероприятий, за исключением подарков, вручаемых за достижения в работе и другие заслуги, считаются подарками государству и поступают в состав государственного имущества посредством их безвозмездной передачи уполномоченному органу в порядке и сроки, которые определены законами Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года "О противодействии коррупции" и от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", по акту описи с приложением письменного уведомления о выкупе либо отказе в выкупе.";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Экспертиза и хранение подарков из драгоценных металлов до их реализации осуществляются Национальным Банком Республики Казахстан.";

      пункт 26-1 изложить в следующей редакции:

      "26-1. Лицо, передавшее подарок уполномоченному органу, вправе с уведомлением вышестоящего должностного лица выкупить его по стоимости, определенной в соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 января 2018 года "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан", на основании договора купли-продажи, заключаемого с уполномоченным органом.";

      пункт 27 изложить в следующей редакции:

      "27. Уполномоченный орган вправе произвести реализацию подарка третьим лицам только после письменного отказа от выкупа лицом, сдавшим подарок.";

      дополнить пунктом 27-1 следующего содержания:

      "27-1. Вырученные от продажи подарков деньги перечисляются в республиканский бюджет.";

      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Порядок использования или уничтожения имущества, не реализованного по минимальной цене";

      заголовок главы 6 изложить в следующей редакции:

      "Глава 6. Заключительные положения";

      пункт 33 изложить в следующей редакции:

      "33. В случае отмены (изменения в соответствующей части) судом акта, на основании которого имущество поступило в собственность государства, уполномоченным органом или местными исполнительными органами производится возврат имущества в натуре. В случае, если имущество было реализовано в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, производится возмещение его стоимости в пределах средств, полученных от его реализации, за счет средств соответствующего бюджета в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года.

      Убытки подлежат возмещению в соответствии с пунктом 4 статьи 9 Гражданского кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 947 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 216-бабының 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметшілер және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтарды (бұдан әрі ‒ сыйлықтар);";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мүлікті есепке алу және сақтау";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мүлікті бағалау";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мүлікті одан әрі пайдалану";

      23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорына қосылады.";

      24-тармақ алып тасталсын;

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мемлекеттік қызметшілер немесе "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтар, егер мұндай әрекеттер көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына орай осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе, не көрсетілген адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне айтылмай келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін табыс етілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып есептеледі және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламамен қоса, тізімдеу актісі бойынша оларды уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Бағалы металдардан жасалған сыйлықтарды сараптауды және оларды өткізілгенге дейін сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.";

      26-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-1. Сыйлықты уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құн бойынша уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қорытынды ережелер";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізілген жағдайда, оның құнын өтеу 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Залалдар 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабының 4-тармағына сәйкес өтелуге жатады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин