О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2021 года № 423

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата"

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата" следующие изменения:

      в Типовом регламенте маслихата, утвержденном вышеназванным Указом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящий Типовой регламент маслихата (далее – регламент) разработан в соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее – Закон) и устанавливает порядок проведения сессий маслихата, заседаний его органов, внесения и рассмотрения на них вопросов, образования и избрания органов маслихата, заслушивания отчетов об их деятельности, отчетов о проделанной работе маслихата перед населением и деятельности его постоянных комиссий, рассмотрения запросов депутатов, полномочия, организацию деятельности депутатских объединений в маслихате, а также голосования, работы аппарата и другие процедурные и организационные вопросы.";

      пункты 31 и 32 изложить в следующей редакции:

      "31. Маслихат осуществляет контроль за исполнением местного бюджета, экономических и социальных программ развития территорий путем заслушивания отчетов акима соответствующей территории.

      32. Маслихат заслушивает на сессии отчет акима соответствующей территории в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 18 января 2006 года № 19 "О проведении отчетов акимов перед маслихатами".

      Отчет акима (лица, исполняющего его обязанности) о выполнении возложенных на него функций и задач и проект решения по нему вносятся на рассмотрение постоянных комиссий маслихата за три недели до соответствующей сессии.

      Основаниями для рассмотрения маслихатом вопроса о выражении недоверия акиму являются:

      1) двукратное неутверждение маслихатом представленных акимом отчетов об исполнении планов, экономических и социальных программ развития территории, местного бюджета;

      2) инициирование собранием местного сообщества вопроса об освобождении от должности акима города районного значения, села, поселка, сельского округа.

      Инициирование вопроса об освобождении от должности акима города районного значения, села, поселка, сельского округа подтверждается протоколом собрания местного сообщества в соответствии со статьей 39-3 Закона.";

      пункт 34 изложить в следующей редакции:

      "34. Отчеты ревизионных комиссий областей, городов республиканского значения, столицы об исполнении бюджета рассматриваются маслихатом ежегодно.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
К.Токаев

"Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 маусымдағы № 423 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

"Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мәслихаттың үлгі регламенті (бұдан әрі – регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртібін, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктердің өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртібін және басқа да рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелерді белгілейді.";

      31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мәслихат тиісті аумақ әкімінің есептерін тыңдау жолымен жергілікті бюджеттің, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      32. Мәслихат "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес сессияда тиісті аумақ әкімінің есебін тыңдайды.

      Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.

      Мыналар:

      1) аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы әкім ұсынған есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастама жасауы мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастама жасау Заңның 39-3-бабына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен расталады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы есептерін мәслихат жыл сайын қарайды.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президентi
Қ.Тоқаев