О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 "О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 2021 года № 535.

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.01.2022.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 "О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций" следующее изменение:

      в модельном контракте на реализацию инвестиционного проекта, предусматривающем осуществление инвестиций и предоставление инвестиционных преференций, утвержденном указанным постановлением:

      абзац второй подпункта 8) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "по созданию новых производств, предусматривающий осуществление юридическим лицом инвестиций в строительство новых производственных объектов, в размере не менее двухмиллионнократного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на дату подачи заявки на предоставление инвестиционных преференций;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2022 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 535 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Осы қаулы 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартта:

      1-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнгі қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін жаңа өндірістерді құру бойынша инвестициялық жоба.".

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин