Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, әлеуметтік және өзге инфрақұрылымды қалпына келтіру
|
1.
|
Құқық қорғау, арнаулы органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігін және жарақтандырылуын арттыру, моральдық рухын қолдау жөнінде шаралар қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
|
ІІМ, Қорғанысмині, ТЖМ, МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), СЖҚА (келісу бойынша)
|
күштік құрылымдардың жауынгерлік қабілеті және әскери қызметшілердің жоғары моральдық рухы
|
2.
|
Барлық әлуетті органдардың арнайы бөлімшелері қызметкерлерінің жалақысын арттыру
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
2022 жылғы
ақпан
|
ҰЭМ, Қаржымині, ІІМ, Қорғанысмині, ҰҚК (келісу бойынша),
МКҚ (келісу бойынша)
|
күштік органдар арнайы бөлімшелерінің қызметкерлерінің ақшалай қаражатын арттыру
|
3.
|
Азаматтарға қылмыстық топтардың іс-қимылдары нәтижесінде зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер туралы ақпарат беру үшін 1414 call-орталығының базасында тікелей желі ұйымдастыруды қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
|
ЦДИАӨМ, ІІМ, "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ (келісу бойынша)
|
халықпен тиімді коммуникациялар
|
4.
|
Дипломатиялық өкілдіктерді, сондай-ақ шетелдік инвестициялар мен шетелдік компаниялар бизнесінің субъектілерін қорғау жөнінде шаралар қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
|
ІІМ, СІМ, ЖАО
|
елдің халықаралық имиджін сақтау
|
5.
|
Коммуналдық қызметтердің, қоғамдық көліктің және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
|
ИИДМ, ЖАО
|
қоғамдық тыныс-тіршілікті қалпына келтіру
|
6.
|
Байланыс іркілістері жағдайында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйесі бойынша мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарларын енгізуді, төлемдерін өткізуді және азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді қағаз жеткізгіште қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
|
Қаржымині
|
Қазынашылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
|
7.
|
Мемлекет немесе квазимемлекеттік сектор меншігіндегі террористік белсенділік салдарынан бүлінген жылжымайтын мүлік объектілерінің тізімін айқындау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
|
ИИДМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)
|
Мемлекет немесе квазимемлекеттік сектор меншігіндегі террористік белсенділік салдарынан бүлінген объектілердің тізімі
|
8.
|
Террористік белсенділік салдарынан бүлінген мемлекет немесе квазимемлекеттік сектор меншігіндегі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша техникалық зерттеп-қарауды жүргізу және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының көлемін бағалау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
|
ИИДМ, ЖАО, аккредиттелген және жобалау ұйымдары (келісу бойынша)
|
Мемлекет немесе квазимемлекеттік сектор меншігіндегі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша техникалық зерттеп-қарауды жүргізу және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының көлемін бағалау
|
9.
|
Мемлекеттік объектілер бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жобалау құжаттамасын әзірлеу және сараптамадан өту (қажет болса)
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
ақпан
|
ИИДМ, ЖАО, аккредиттелген сараптама ұйымдары (келісу бойынша)
|
бұзылған объектілерді қалпына келтіру бойынша дайындық жұмыстарын аяқтау
|
10.
|
Мемлекеттік объектілер бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
сәуір, желтоқсан
|
ИИДМ, ЖАО, ЦДИАӨМ
|
бұзылған объектілерді толық қалпына келтіру
|
11.
|
Әлуетті құрылымдардың, ТЖ-ның, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт және ақпарат салаларының материалдық-техникалық базасын (автокөлік, компьютерлік техника, жиһаз, байланыс құралдары, бейнебақылау жүйелері және т.б.) қалпына келтіру
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
шілде, желтоқсан
|
Қаржымині, ТЖМ, ІІМ, ИИДМ, ДСМ, БҒМ, МСМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, Қоғанысмині, ЖАО, ҰҚК (келісу бойынша),
МКҚ (келісу бойынша),
БП (келісу бойынша), СЖҚА (келісу бойынша)
|
тиісті құрылымдардың материалдық- техникалық базасын толық қалпына келтіру
|
2. Әлеуметтік мәселелер
|
12.
|
Мертіккен әлуетті құрылымдар қызметкерлеріне, әлеуметтік сала және ТЖ жұмыскерлеріне, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
сәуір
|
Қаржымині, ЖАО, ДСМ, Қорғанысмині, ТЖМ, ҰҚК (келісу бойынша), МКҚ (келісу бойынша)
|
мертіккен әлуетті құрылымдар қызметкерлеріне, әлеуметтік сала және ТЖ жұмыскерлеріне, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына өтемақылар
|
13.
|
Қаза тапқан құқық қорғау, арнаулы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің және бейбіт азаматтардың отбасыларына тұрғын үймен қамтамасыз етуді, білім алуды және өзге де қолдау шараларын қоса алғанда, көмек көрсету
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
ақпан
|
Қаржымині, ЖАО, ІІМ, ДСМ, Қорғанысмині, ТЖМ, БҒМ, ҰҚК (келісу бойынша), МКҚ (келісу бойынша)
|
террористерге қарсы тұру барысында қаза тапқан құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің және бейбіт азаматтардың отбасыларына көмек
|
14.
|
Қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің асырауындағы адамдары мен мұрагерлеріне біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ жерлеуге арналған шығыстарды өтеу
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
сәуір
|
ІІМ, Қаржымині, ЖАО
|
ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғау жөніндегі нормаларды іске асыру
|
15.
|
"Қазақстан халқына" қоғамдық қорын құру
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
|
ДСМ, БҒМ, Еңбекмині
|
қазақстандықтардың әлеуметтік саладағы көкейтесті проблемаларын шешуге жәрдемдесу
|
16.
|
Банктер мен микроқаржы ұйымдарының төтенше жағдайды енгізуден зардап шеккен азаматтар мен заңды тұлғаларға банктік қарыздары мен микрокредиттерін өтеу мерзімін кейінге қалдыруы, сондай-ақ төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде заңды және жеке тұлғалардың кредиттері бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемеу бойынша шешім қабылдау
|
ҚНРДА төрағасының бұйрығы
|
2022 жылғы қаңтар
|
ҚНРДА (келісу бойынша), Қаржымині
|
халықтың борыштық жүктемесінің өсуіне жол бермеу
|
17.
|
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алатын тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер енгізу
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
|
2022 жылғы
қаңтар
|
ИИДМ
|
әлеуметтік шиеленісті төмендету
|
18.
|
Азаматтардың сындарлы өтініштерін зерделеу және олар бойынша шешімдер тұжырымдау
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
ақпан
|
ҰЭМ, АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, БП (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)
|
әлеуметтік шиеленісті төмендету
|
19.
|
"Жастар практикасы" және "Алғашқы жұмыс орны" жобалары бойынша қатысу кезеңін және еңбекақы мөлшерін ұлғайту мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
ақпан
|
Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, ЖАО
|
жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру
|
20.
|
Халыққа кредит беру бөлігінде пруденциялық реттеу шараларын күшейту
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы наурыз
|
ҚНРДА
(келісу бойынша), Қаржымині
|
халықтың борыштық жүктемесінің өсуін шектеу
|
21.
|
"Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасының, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және басқа да бағдарламалық құжаттар шеңберінде батыс және оңтүстік өңірлер үшін жекелеген бағыттар әзірлеу және қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
наурыз
|
ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар
|
өңіраралық теңгерімсіздікті қысқарту
|
3. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу
|
22.
|
Сұйытылған газды электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге толық көшу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
|
ЭМ
|
сұйытылған газ
бағасын тұрақтандыру
|
23.
|
Сұйытылған мұнай газын өткізудің, оның ішінде ашықтықты және бұзушылықтарға жол бермеуді толық қамтамасыз ететін электрондық сауда алаңдары арқылы өткізудің жаңа тетігін әзірлеу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
|
ЭМ, БҚДА (келісу бойынша)
|
сұйытылған газ
бағасын тұрақтандыру
|
24.
|
Бензин мен дизель отынының бағасын күнтізбелік 180 күнге реттеуді енгізу және орындалуын бақылау
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
2022 жылғы
шілде
|
ЭМ, БҚДА (келісу бойынша), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЖАО
|
бензин мен дизель отынының бағасын тұрақтандыру
|
25.
|
Көмір бағасының өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қолдану
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
ақпан
|
ИИДМ, БҚДА (келісу бойынша), ЭМ, СИМ,
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)
|
тас көмір бағасын тұрақтандыру
|
26.
|
Бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (СЭҚ ТН кодтары 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826) (жағар майларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салуды енгізу және орындалуын бақылау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
|
ЭМ, Қаржымині, СИМ
|
мұнай өнімдерінің бағасын тұрақтандыру
|
27.
|
Қазақстан Республикасының аумағынан тірі ІҚМ-ны (СЭҚ ТН коды 0102), тірі қойлар мен ешкілерді (ЕЭО СЭҚ ТН коды 104) әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салуды енгізу және орындалуын бақылау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
шілде
|
АШМ, Қаржымині
|
ет бағасын тұрақтандыру
|
28.
|
Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды (картоп, сәбіз) әкетуге 3 ай мерзімге тыйым салуды енгізу және орындалуын бақылау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
сәуір
|
АШМ, Қаржымині, СИМ
|
көкөністер бағасын тұрақтандыру
|
29.
|
Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен бағасын көтеруге күнтізбелік 180 күнге мораторий енгізу және орындалуын бақылау
|
ТМРК төрағасының бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
2022 жылғы
шілде
|
ҰЭМ
|
коммуналдық көрсетілетін қызметтердің бағасын тұрақтандыру
|
30.
|
Түпкі тұтынушы үшін бағаның өсуіне жол бермей, мұнай-газ саласының өніміне акциздер енгізу
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
ақпан
|
ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ
|
мемлекеттік бюджетке түсімдерді ұлғайту
|
31.
|
ӘлМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша форвардтық тетіктерді қаржыландыруды (тұрақтандыру қорлары және "кері" схема) 140 млрд теңгеге дейін ұлғайту
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
ақпан
|
АШМ, СИМ, ЖАО
|
ӘлМАТ бағасын тұрақтандыру
|
32.
|
Тұрақтандыру қорларындағы ӘлМАТ-тың кейбір түрлерінің 5 айлық қорының 30 % көлемін қамтамасыз ету бойынша форвардтық келісімшарттар жасасу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
ақпан
|
АШМ, ЖАО
|
ӘлМАТ бағасын тұрақтандыру
|
33.
|
Тұқымдармен, жем-шөппен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, егін егу және жинау науқанын уақтылы жүргізу мәселелері бойынша мониторинг және бақылау
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
ақпан, маусым
|
АШМ, ЖАО
|
маусымдық егіс жұмыстарын уақтылы және тиімді жүргізу, азық-түліктік қамтамасыз етілу
|
34.
|
Мемлекеттің басым құқығы шеңберінде иеліктен шығарылатын шикі және тауарлық газға жер қойнауын пайдаланушылардың бағасын 2021 жылғы желтоқсандағы баға деңгейінде белгілеу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
шілде
|
ЭМ, БҚДА (келісу бойынша), СЖҚА
(келісу бойынша)
|
газ бағасын тұрақтандыру
|
35.
|
Инфляцияны бақылау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау
|
Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен
іс-қимыл жоспары
|
2022 жылғы
ақпан
|
ҰЭМ, СИМ, АШМ, ЭМ, ИИДМ, БҚДА (келісу бойынша),
ҰБ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар
|
инфляцияны нысаналы дәлізге дейін төмендету
|
36.
|
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің орта мерзімді кезеңге (үш жылға) арналған жоспарын әзірлеу және қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
2022 жылғы ақпан
|
АШМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
орта мерзімді кезеңге (үш жылға) арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
|
4. Халықты және кәсіпкерлікті қолдау
|
37.
|
Мемлекеттік кірістер органдары бастаған және бастама жасайтын салықтық және кедендік тексерулерді, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тауарларды шығарғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексерулерді тоқтата тұру және мерзімін 2022 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімге шегеру
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат
|
2022 жылғы қаңтар
|
Қаржымині
|
зардап шеккен бизнес субъектілерін қолдау
|
38.
|
Мемлекеттік кірістер органдарының камералдық бақылау жөніндегі хабарламаларын 2022 жылғы 1 ақпанға дейін шығармау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат
|
2022 жылғы қаңтар
|
Қаржымині
|
зардап шеккен бизнес субъектілерін қолдау
|
39.
|
Террористік белсенділік салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің және оларға келтірілген залал сомаларының жалпы тізілімін айқындау
|
террористік белсенділік салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің және оларға келтірілген залал сомаларының жалпы тізілімі, террористік белсенділік салдарынан келтірілген залал сомасын бағалау жөніндегі өңірлік комиссиялардың бағалау актілері мен шешімдері
|
2022 жылғы
қаңтар-ақпан
|
ҰЭМ, ЖАО, ІІМ, "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)
|
террористік белсенділік салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің және оларға келтірілген залал сомаларының жалпы тізілімі
|
40.
|
Кәдеге жарату алымы есебінен отандық автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға ваучерлер беру мәселесін қарай отырып, кәдеге жарату алымының мөлшерлемелерін қайта қарау
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы ақпан
|
ЭГТРМ, ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині
|
кәдеге жарату алымының мөлшерлемелерін төмендету, автоиеленушілерге түсетін жүктемені және автокөлік бағаларын төмендету
|
41.
|
Кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және тиісті қаражатқа иелік ету бөлігінде "ӨКМ операторы" ЖШС қызметін тоқтату, сондай-ақ кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне беру, кейіннен өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйымға беру
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы ақпан
|
ЭГТРМ, ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині
|
кәдеге жарату алымын жинау мен әкімшілендірудің ашықтығын қамтамасыз ету
|
42.
|
Шығаруға, қоныстандыруға, құрылыстарды бұзуға байланысты атқарушылық іс-қимылдарды жүргізуге 2022 жылғы 20 сәуірге дейінгі кезеңге уақытша тыйым салуды енгізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2022 жылғы
мамыр
|
Әділетмині
|
зардап шеккен бизнес субъектілерін қолдау шараларын іске асыру
|
43.
|
Халық кірісін арттыру бағдарламасын әзірлеу және қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
2022 жылғы наурыз
|
ҰЭМ, Қаржымині, Еңбекмині, ИИДМ, ЭМ, АҚДМ, БҒМ, СИМ, АШМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), БҚДА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар
|
халық кірісінің нақты өсуі
|
5. Ұйымдық-қаржылық мәселелер
|
44.
|
Екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың барлық ағымдағы мәселелері бойынша шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және басқа да әріптестермен тұрақты байланыстарды қолдауды қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар
|
СІМ
|
басқа елдермен коммуникацияларды және елдің халықаралық имиджін сақтау
|
45.
|
Шетелдік аудитория үшін Қазақстанда болған оқиғалардың мәніне, сондай-ақ елдегі жағдайды тұрақтандыруға ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бітімгерлік контингентін тартуға қатысты түсіндіру жұмысын жүргізу
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
қаңтар-наурыз
|
СІМ
|
елдің халықаралық имиджін сақтау
|
46.
|
Ішкі және сыртқы нарыққа қатысушылар тарапынан теңгеге қатысты сенім толық қалпына келгенге дейін валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
ақпан
|
ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
(келісу бойынша),
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
(келісу бойынша)
|
валюта нарығының тұрақтылығы
|
47.
|
Қазақстан даму банкінің көрсетілетін қызметтерінің ашықтығын күшейтуге және оларға қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ корпоративтік басқаруды оңтайландыруға баса назар аудара отырып, оның қызметін жетілдіру
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат
|
2022 жылғы
ақпан
|
ҰЭМ, ҚНРДА (келісу бойынша)
|
бизнес субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету
|
48.
|
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу мен Маңғыстау және Атырау облыстарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарларын өзектілендіру
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы
|
2022 жылғы
ақпан
|
ҰЭМ, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері, мүдделі мемлекеттік органдар
|
батыс өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі
|
49.
|
Террористік белсенділік салдарынан салдарын жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау
|
Заң жобасы
|
2022 жылғы
наурыз-сәуір
|
Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар
|
террористік белсенділік салдарынан салдарын жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету
|
50.
|
Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу және қабылдау
|
Үкіметтің 2022 жылға арналған
іс-қимыл жоспарының жобасы
|
2022 жылғы
21 қаңтар
|
ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар
|
Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарының жобасы
|
51.
|
Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат
|
2022 жылғы
желтоқсан
|
Қаржымині
|
бөлінетін қаражатты нысаналы және тиімді пайдалану
|