О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 1219 "Об утверждении Правил принятия, оценки, хранения, возврата, реализации, обращения взыскания на предмет залога и обращения залога в доход государства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2022 года № 221.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 1219 "Об утверждении Правил принятия, оценки, хранения, возврата, реализации, обращения взыскания на предмет залога и обращения залога в доход государства" следующие изменения:

      в Правилах принятия, оценки, хранения, возврата, реализации, обращения взыскания на предмет залога и обращения залога в доход государства, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      часть вторую пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "К драгоценностям относятся драгоценные металлы (золото, серебро, платина и металлы платиновой группы (палладий, иридий, родий, рутений и осмий) в любом состоянии и виде) и драгоценные камни (природные алмазы, изумруды, рубины, сапфиры и александриты, а также природный жемчуг в сыром (естественном) и обработанном виде). К драгоценным камням приравниваются уникальные янтарные образования.";

      подпункт 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "2) из движимого имущества – деньги, ценности, транспортные средства и ценные бумаги.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок принятия залога";

      часть вторую пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "В случае, если залогодателем выступает юридическое лицо, орган проверяет его на предмет регистрации по учетам органов юстиции или Государственной корпорации "Правительство для граждан".";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. При необходимости документы, определяющие стоимость залогового имущества, могут выдаваться уполномоченными органами либо в порядке, установленном законодательством об оценочной деятельности Республики Казахстан.

      Стоимость ценных бумаг определяется в соответствии с законодательством о рынке ценных бумаг на момент внесения залога.";

      пункты 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "8. При передаче в залог ценных бумаг залогодатель также представляет содержащиеся в Национальном реестре бизнес-идентификационных номеров сведения из налоговых органов о том, что эмитент ценных бумаг не находится в процессе ликвидации и не прекратил свою деятельность.

      9. Протокол о принятии залога приобщается к материалам дела, а залогодателю вручается заверенная копия протокола. Если залогодателей несколько, то заверенная должностным лицом копия протокола вручается каждому из них.";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Порядок хранения залога";

      подпункт 5) пункта 12 изложить в следующей редакции:

      "5) ценные бумаги – в органе, который принял их в качестве залога, либо банках второго уровня;";

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Порядок возврата залога";

      абзацы первый и пятый пункта 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Возврат залога в случаях, предусмотренных подпунктами 1), 3) и 4) пункта 16 Правил, осуществляется на основании постановления органа досудебного расследования или следственного судьи при отмене или изменении меры пресечения в виде залога в соответствии с частью пятой статьи 153 УПК.";

      "К заявлению прилагаются:

      1) копия документа, подтверждающего личность залогодателя;

      2) оригинал справки из банка второго уровня о наличии текущего счета;

      3) копия приговора суда или постановления следственного судьи об отмене или изменении меры пресечения, постановления лица, осуществляющего досудебное расследование, об отмене или изменении меры пресечения, согласованного с прокурором, либо постановления о прекращении уголовного дела или уголовного преследования в отношении отдельных подозреваемых, утвержденного прокурором.";

      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Порядок реализации, обращения взыскания на предмет залога и обращения залога в доход государства".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр Республики Казахстан А. Смаилов

"Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 221 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы заттарға бағалы металдар (кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий) және асыл тастар (табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу) жатады. Бірегей кәріптас түзілімдері асыл тастарға теңестіріледі.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жылжымалы мүліктен – ақша, құндылықтар, көлік құралдары және құнды қағаздар қабылдануы мүмкін.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Кепілді қабылдау тәртібі";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер кепіл беруші заңды тұлға болған жағдайда, орган оны әділет органдарының немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның есептері бойынша тіркелуі тұрғысынан тексереді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қажет болған жағдайда кепіл мүліктің құнын айқындайтын құжаттарды уәкілетті органдар береді не Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.

      Бағалы қағаздың құны кепіл енгізілген сәтте бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Құнды қағаздарды кепілге беру кезінде кепіл беруші салық органдарынан Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнің ұлттық тізілімінде қамтылған бағалы қағаздардың эмитенті тарату процесінде тұрмағаны және өз қызметін тоқтатпағаны туралы мәліметтерді де ұсынады.

      9. Кепілді қабылдау туралы хаттама іс материалдарына қоса тігіледі, ал кепіл берушіге хаттаманың көшірмесі беріледі. Егер кепіл берушілер бірнешеу болса, онда лауазымды адам растаған хаттаманың көшірмесі олардың әрқайсысына беріледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Кепілді сақтау тәртібі";

      12-тармақтың бесінші тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бағалы қағаздар – оларды кепіл ретінде қабылдаған органда не екінші деңгейдегі банктерде;";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Кепілді қайтару тәртібі";

      17-тармақтың бірінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қағидалардың 16-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда кепілді қайтару ҚПК-нің 153-бабының бесінші бөлігіне сәйкес кепіл түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою немесе өзгерту кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының немесе тергеу судьясының қаулысы негізінде жүзеге асырылады.";

      "Өтінішке:

      1) кепіл берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

      2) ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы екінші деңгейдегі банктен анықтаманың түпнұсқасы;

      3) сот үкімінің немесе бұлтартпау шарасының күшін жою немесе өзгерту туралы тергеу судьясы қаулысының, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурормен келісілген бұлтартпау шарасының күшін жою немесе өзгерту не жекелеген күдіктілерге қатысты қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы прокурор бекіткен қаулысының көшірмесі қоса беріледі.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кепіл нысанын өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру тәртібі".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Смаилов