О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 "О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2022 года № 678.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 "О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы" следующее изменение:

      в Правилах прикомандирования государственных служащих из иных государственных органов к загранучреждениям Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 5) пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "5) имеющий за последние два года работы в направляющем государственном органе оценки деятельности со значениями "эффективно" и "превосходно", за исключением кандидатов на прикомандирование, указанных в части второй и третьей настоящего подпункта.

      Кандидат на прикомандирование, занимающий должность военнослужащего, сотрудника правоохранительного или специального государственного органа, может быть прикомандирован при условии положительного решения аттестационной комиссии по итогам последней аттестации.

      Кандидат на прикомандирование, имеющий опыт работы не менее десяти лет в направляющем государственном органе, положительно характеризуемый по службе, добросовестно и профессионально выполняющий возложенные на него обязанности, который ранее был прикомандирован от Республики Казахстан в международную организацию на срок более двух лет, может быть прикомандирован при условии наличия от нее положительной характеристики.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр Республики Казахстан А. Смаилов

"Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 678 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидаларында:

      10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы тармақшаның екінші және үшінші бөлігінде көрсетілген іссапарға баратын кандидаттарды қоспағанда, жіберуші мемлекеттік органда соңғы екі жылдағы қызметі "тиімді" және "өте жақсы" мәндерімен бағаланған мемлекеттік қызметші бара алады.

      Әскери қызметші, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері лауазымын атқаратын іссапарға баратын кандидат соңғы аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы шешімінің оң болуы шартымен іссапарға бара алады.

      Бұрын Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымда екі жылдан астам мерзімге іссапарға жіберілген. жіберуші мемлекеттік органда кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі бар, қызметіндегі мінездемесі жақсы, өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі кәсіпқойлықпен орындайтын іссапарға баратын кандидат одан оң мінездеменің болуы шартымен іссапарға жіберілуі мүмкін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов