О некоторых вопросах товарищества с ограниченной ответственностью "Мангистауский атомный энергетический комбинат-Казатомпром"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2022 года № 930

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2011 года № 616 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, из одного вида государственной собственности в другой" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать товарищество с ограниченной ответственностью "Мангистауский атомный энергетический комбинат-Казатомпром" в товарищество с ограниченной ответственностью "Мангистауский атомный энергетический комбинат".

      2. Передать в установленном законодательством Республики Казахстан порядке из республиканской собственности в коммунальную собственность Мангистауской области государственную долю участия товарищества с ограниченной ответственностью "Мангистауский атомный энергетический комбинат-Казатомпром" в размере 100 (сто) процентов.

      3. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      4. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с акиматом Мангистауской области в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 21 ноября 2022 года № 930

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях":

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к коммунальной собственности, утвержденные указанным постановлением:

      раздел "Мангистауская область" дополнить строкой, порядковый номер 871-7, следующего содержания:

      "871-7. Товарищество с ограниченной ответственностью "Мангистауский атомный энергетический комбинат – Казатомпром";

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Мангистауская область" строку, порядковый номер 236-11, исключить.

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Министерству энергетики Республики Казахстан" строку, порядковый номер 20-16, исключить.

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 "Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилированных с государством, а также физических лиц":

      в перечне стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства, утвержденном указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 3, изложить в следующей редакции:

      "3. 100 % доли участия ТОО "Мангистауский атомный энергетический комбинат – Казатомпром".

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 "Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан":

      в Положении о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства, строку, порядковый номер 4, исключить.

      _____________________________

"Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 930 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына, "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атауы "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып өзгертілсін.

      2. "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 (бір жүз) пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншіктен Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне берілсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 21 қарашадағы
№ 930 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Маңғыстау облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 871-7-жолмен толықтырылсын:

      "871-7. "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Маңғыстау облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 236-11-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 20-16-жол алып тасталсын.

      3. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп" ЖШС қатысу үлесінің 100 %-ы.".

      4. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.