О некоторых вопросах государственной собственности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2022 года № 1046

      В соответствии со статьей 45 Гражданского кодекса Республики Казахстан, подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать товарищества с ограниченной ответственностью "Институт сейсмологии" и "Сейсмологическая опытно-методическая экспедиция" путем слияния в установленном законодательством порядке в товарищество с ограниченной ответственностью "Национальный научный центр сейсмологических наблюдений и исследований" (далее – товарищество) со стопроцентным участием государства в его уставном капитале.

      2. Определить основными видами деятельности товарищества оценку сейсмической опасности, научный прогноз сильных землетрясений, оценку сейсмического риска в крупных населенных пунктах и стратегических объектах, а также комплексный сейсмологический мониторинг на сейсмоопасных территориях Республики Казахстан.

      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) формирование уставного капитала товарищества за счет стоимости имущества реорганизуемых товариществ с ограниченной ответственностью "Институт сейсмологии" и "Сейсмологическая опытно-методическая экспедиция";

      2) утверждение устава товарищества и его государственную регистрацию в некоммерческом акционерном обществе "Государственная корпорация "Правительство для граждан";

      3) передачу прав владения и пользования государственной долей участия товарищества Министерству по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан;

      4) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      4. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 21 декабря 2022 года № 1046

Изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях":

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "г. Алматы":

      строку, порядковый номер 123-153, изложить в следующей редакции:

      "123-153. ТОО "Национальный научный центр сейсмологических наблюдений и исследований".";

      строку, порядковый номер 123-154, исключить.

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Министерству по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан":

      строку, порядковый номер 295-11, изложить в следующей редакции:

      "295-11. ТОО "Национальный научный центр сейсмологических наблюдений и исследований".";

      строку, порядковый номер 295-12, исключить.

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 "Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан":

      в Положении о Министерстве по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства и его ведомств:

      раздел "Товарищество с ограниченной ответственностью" изложить в следующей редакции:

      "Товарищества с ограниченной ответственностью

      1. Товарищество с ограниченной ответственностью "Кызылординская железнодорожная больница".

      2. Товарищество с ограниченной ответственностью "Национальный научный центр сейсмологических наблюдений и исследований".".

      __________________________

Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1046 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сейсмология институты" және "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Сейсмикалық қауіпті бағалау, күшті жер сілкіністерін ғылыми болжау, ірі елді мекендер мен стратегиялық объектілерде сейсмикалық тәуекелді бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аумақтарында кешенді сейсмологиялық мониторинг жүргізу серіктестік қызметінің негізгі түрлері болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) серіктестіктің жарғылық капиталын қайта ұйымдастырылатын "Сейсмология институты" және "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мүлкінің құны есебінен қалыптастыруды;

      2) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;

      3) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1046 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 123-153-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "123-153. "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС.";

      реттік нөмірі 123-154-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 295-11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "295-11. "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС.";

      реттік нөмірі 295-12-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      1. "Қызылорда теміржол ауруханасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      2. "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".