О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2005 года № 917 "Об утверждении Правил проверки достоверности списков инициативной группы граждан по созданию политической партии, членов политической партии"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2023 года № 34. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2023 года № 560

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.07.2023 № 560 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2005 года № 917 "Об утверждении Правил проверки достоверности списков инициативной группы граждан по созданию политической партии, членов политической партии" следующие изменения и дополнение:

      в заголовок изменение вносится в текст на казахском языке, текст на русском не меняется;

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии со статьей 12 Закона Республики Казахстан "О политических партиях" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в пункт 1 изменение вносится в текст на казахском языке, текст на русском не меняется;

      в Правилах проверки достоверности списков инициативной группы граждан по созданию политической партии, членов политической партии, утвержденных указанным постановлением:

      в заголовок изменение вносится в текст на казахском языке, текст на русском не меняется;

      в пункты 1 и 2 изменения вносятся в текст на казахском языке, текст на русском не меняется;

      пункты 3, 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "3. Проверка достоверности списков инициативной группы граждан по созданию политической партии и членов политической партии (далее – списки) осуществляется:

      1) при подаче уведомления о намерении создания политической партии для инициативной группы, в день получения уведомления в соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О политических партиях";

      2) при подаче документов, предусмотренных статьей 10 Закона "О политический партиях", для членов политической партии.

      4. Лица, указанные в списках, должны быть гражданами Республики Казахстан, достигшими восемнадцатилетнего возраста.

      Членство иностранцев, лиц без гражданства, а также коллективное членство в политической партии не допускаются.

      Гражданин Республики Казахстан может состоять членом только одной политической партии.

      Членство в политической партии является добровольным, индивидуальным и фиксированным.

      Прием в политическую партию осуществляется на основании письменного заявления.

      На период осуществления своих полномочий Президент Республики Казахстан не должен состоять в политической партии.

      Председатель, заместитель Председателя, судьи Конституционного Суда Республики Казахстан, Председатель и судьи Верховного Суда Республики Казахстан и иных судов, председатели и члены Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан, Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан, Уполномоченный по правам человека в Республике Казахстан, сотрудники и работники специальных государственных, правоохранительных органов, военнослужащие не должны состоять в политических партиях, выступать в поддержку какой-либо политической партии.

      5. Количество граждан в списках, инициирующих создание политической партии, должно составлять не менее семиста человек, представляющих две трети областей, городов республиканского значения и столицы.

      Общая численность состава политической партии, указанная в списках, должна быть не менее пяти тысяч членов партии, представляющих структурные подразделения (филиалы и представительства) партии во всех областях, городах республиканского значения и столице, численностью не менее двухсот членов партии в каждом из них.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Проверка соблюдения установленных настоящими Правилами требований в отношении предоставляемых списков проводится на предмет их достоверности:

      1) при поступлении уведомления о намерении создания политической партии;

      2) при поступлении документов политической партии на государственную регистрацию;

      3) при поступлении обращений, заявлений, жалоб, сообщений и иной информации.";

      в пункте 10:

      в подпункт 1) изменение вносится в текст на казахском языке, текст на русском не меняется;

      в подпункт 3) изменение вносится в текст на казахском языке, текст на русском не меняется;

      дополнить подпунктом 4) следующего содержания:

      "4) проверку лиц, указанных в списках, на предмет их соответствия пункту 4 настоящих Правил.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

"Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжеciн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 34 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 560 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжеciн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiліп отырған Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнің дұрыстығын тексеру қағидалары бекiтiлсiн.";

      көрсетілген қаулымен бекiтілген Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжеciнде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерінiң дұрыстығын тексеру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу саласындағы уәкiлетті органның (бұдан әрі – тіркеуші орган) лауазымды адамдарының тексерiс жүргiзу тәртiбiн белгілейдi.

      2. Тiркеушi органның лауазымды адамдары тексерiс жүргiзу кезiнде өздерiнің қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.";

      3, 4, және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Саяси партия құру жөніндегі азаматтардың бастамашылық тобының және саяси партия мүшелерінің тізімдерінің (бұдан әрі – тізімдер) дұрыстығын тексеру:

      1) бастамашылық топ үшін саяси партия құру ниеті туралы хабарлама берген кезде "Саяси партиялар туралы" Заңның 6-бабына сәйкес хабарлама алынған күні;

      2) саяси партия мүшелері үшін "Саяси партиялар туралы" Заңның 10-бабында көзделген құжаттарды тапсырған кезде жүзеге асырылады.

      4. Тізімдерде көрсетілген адамдар он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.

      Саяси партияға шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың мүшелігіне, сондай-ақ ұжымдық мүшелікке жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасының азаматы бір саяси партияның ғана мүшесі бола алады.

      Саяси партияға мүшелік ерікті, жеке және тұрақты болып табылады.

      Саяси партияға қабылдау жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезеңде саяси партияда болмауға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Төрағасының орынбасары, судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және өзге де соттардың Төрағасы мен судьялары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлері, әскери қызметшілер саяси партияларда болмауға, қандай да бір саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиіс.

      5. Тiзiмдердегі саяси партия құруға бастамашылық жасаған азаматтардың саны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың үштен екiсін білдіретін кемiнде жеті жүз адам болуға тиiс.

      Тiзiмдерде көрсетілген саяси партия құрамының жалпы саны бес мың партия мүшесінен кем болмауға тиіс, олар партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы әрқайсысында кемінде екі жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкiлдiктерінiң) атынан өкiлдiк етеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұсынылатын тізімдерге қатысты осы Қағидаларда белгіленген талаптардың сақталуын тексеру:

      1) саяси партия құру ниеті туралы хабарлама келіп түскен кезде;

      2) саяси партияның құжаттары мемлекеттік тiркеуге түскен кезде;

      3) арыздар, өтiнiштер, шағымдар, хабарламалар мен өзге де ақпарат түскен кезде олардың дұрыстығы тұрғысынан жүргізіледі.".

      10-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өңiрлер бойынша тiзiмдердегi азаматтардың санын олардың осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген саны тұрғысынан тексерудi;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының құжат алған халқының деректер банкi бойынша тiзiмдерде көрсетiлген адамдарды Қазақстан Республикасының азаматы болуы тұрғысынан тексеруді;".

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) тізімдерде көрсетілген адамдарды осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді қамтиды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов