О переводе отдельных участков земель лесного фонда в земли другой категории

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2023 года № 285.

      В соответствии со статьей 130 Земельного кодекса Республики Казахстан и статьей 51 Лесного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Перевести земельные участки общей площадью 16,9630 гектара из категории земель лесного фонда коммунального государственного учреждения "Алакольское лесное хозяйство" государственного учреждения "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования области Жетісу" (далее – учреждение) в категорию земель промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Акиму области Жетісу в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить предоставление республиканскому государственному учреждению "Комитет автомобильных дорог Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан" (далее – Комитет) земельных участков, указанных в пункте 1 настоящего постановления, для реконструкции (строительства) автомобильной дороги республиканского значения "Ушарал – Достык" км 0-184 участок км 180-184.

      3. Комитету в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан возместить в доход республиканского бюджета потери и убытки лесохозяйственного производства, вызванные изъятием лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением лесного хозяйства, и принять меры по расчистке площади с передачей полученной древесины на баланс указанного учреждения.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 12 апреля 2023 года № 285

Экспликация земель, переводимых из категории земель лесного фонда в категорию земель промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения

Наименование землепользователя

Общая площадь, гектаров

в том числе:

Покрытая лесом

не покрытая лесом

1

2

3

4

Коммунальное государственное учреждение "Алакольское лесное хозяйство" государственного учреждения "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования области Жетісу"

16,9630

12,9

4,063

Всего:

16,9630

12,9

4,063


Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 285 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Алакөл орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 16,9630 гектар жер учаскелерi өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Жетісу облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің "Үшарал – Достық" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 0-184 км 180-184 км учаскесі реконструкциялау (салу) үшін "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Комитет) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 285 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

жалпы ауданы,
гектар

оның ішінде:
 

орманмен
көмкерілгені

орманмен көмкерілмегені
 

1

2

3

4

"Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алакөл орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

16,9630

12,9

4,063

Барлығы:

16,9630

12,9

4,063