О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью "Казахский научно-исследовательский институт лесного хозяйства и агролесомелиорации имени А.Н. Букейхана" из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июля 2024 года № 610.

      В соответствии с подпунктом 13) статьи 11, подпунктом 9) пункта 1 статьи 19, пунктом 1 статьи 169 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2011 года № 1103 "Об утверждении Правил приобретения государством прав на имущество по договору дарения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Принять предложение некоммерческого акционерного общества "Казахский агротехнический исследовательский университет имени Сакена Сейфуллина" (далее – НАО "КАТИУ") о передаче в республиканскую собственность 100 (сто) процентов доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью "Казахский научно-исследовательский институт лесного хозяйства и агролесомелиорации имени А.Н. Букейхана" (далее – ТОО "КазНИИЛХА") по договору дарения.

      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) совместно с НАО "КАТИУ" (по согласованию) принять меры, вытекающие из пункта 1 настоящего постановления;

      2) обеспечить передачу прав владения и пользования государственными долями участия в уставном капитале ТОО "КазНИИЛХА" Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      3. Утвердить прилагаемые дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 июля 2024 года № 610

Дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях":

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "Акмолинская область" дополнить строкой, порядковый номер 13-15, следующего содержания:

      "13-15. Товарищество с ограниченной ответственностью "Казахский научно-исследовательский институт лесного хозяйства и агролесомелиорации имени А.Н. Букейхана".".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "Министерству экологии и природных ресурсов Республики Казахстан" дополнить подразделом и строкой, порядковый номер 404-2, следующего содержания:

      "Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан:

      404-2. Товарищество с ограниченной ответственностью "Казахский научно-исследовательский институт лесного хозяйства и агролесомелиорации имени А.Н. Букейхана".".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479 "Вопросы Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан":

      в Положении о Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства и его ведомств:

      раздел "4. Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан:" дополнить пунктом 8 следующего содержания:

      "8. Товарищество с ограниченной ответственностью "Казахский научно-исследовательский институт лесного хозяйства и агролесомелиорации имени А.Н. Букейхана".".

      _____________________

"Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 шiлдедегi № 610 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 13) тармақшасына, 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҚазАТЗУ" КеАҚ) "Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – "ҚазОШАҒЗИ" ЖШС) жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "ҚазАТЗУ" КеАҚ-мен бірлесіп (келісу бойынша) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

      2) "ҚазОШАҒЗИ" ЖШС-ның жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 29 шілдедегі
№ 610 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Ақмола облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-15 жолмен толықтырылсын:

      "13-15. "Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты".".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірі 404-2-жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне:

      404-2. "Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".".

      3. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "4. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" деген бөлім мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. "Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты".".