О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2024 года № 572 "Об определении лицензиара по осуществлению лицензирования деятельности по предоставлению специальных социальных услуг"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2024 года № 877

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2024 года № 572 "Об определении лицензиара по осуществлению лицензирования деятельности по предоставлению специальных социальных услуг" следующее изменение:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Определить Комитет регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан лицензиаром по осуществлению лицензирования деятельности по предоставлению специальных социальных услуг.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 572 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 қазандағы № 877 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 572 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов