Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 10 октября 1986 г. N 16. Утратило силу - постановлением Пленума от 14 мая 1998 года, № 3
Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1986 жылғы 10 қазандағы N 16 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы N 3 Қаулысымен.
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.14 N 3 Қаулысымен.
Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумы наркоманиямен күресуге бағытталған заңдарды қолдануға байланысты сот практикасын талқылап, республика соттарының бұл заңдарды негiзiнен дұрыс қолданылуын қамтамасыз етiп отырғанын атап өтедi.
Сонымен қатар сот жұмысында елеулi кемшiлiктер бар.
Соттар наркоманияның таралуының қоғамға қауiптілігiн жете ескермейдi. Бұл мәселе жөнiндегi заң талабы, СССР Жоғарғы Соты Пленумының басшылық нұсқаулары толық орындалмай келедi, Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының бұдан бұрын қабылданған қаулыларында көрсетiлген қателер баяу жойылуда. Соттардың қолданып отырған шаралары наркоманиямен күресу iсiне тиiстi әсер етпеуде. Көп iстер бойынша дәлелдемелердi толық және жан-жақты тексеру қамтамасыз етiлмейдi, наркотикалық нәрселердiң қайдан алынғаны көбiнесе айқындалмайды, қылмысқа қатысы бар адамдардың барлығы қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Қаралған iстердiң көбiнде соттар наркотикалық нәрселердi ұрлау, заңсыз даярлау, алу, сақтау, тасу құрамында наркотикалық нәрселер бар егуге немесе өсiруге тыйым салынған дақылдарды егу не өсiру мақсатын анықтамайды.
Егуге тыйым салынған дақылдарды еккенi туралы iстердi қарағанда соттар егiстiк жердiң заңды түрде пайдалануға берiлгенiн немесе берiлмегенiн анықтамайды.
Кейде соттар өндiрiсiне криминалистикалық экспертизаның практикалық нәрселерге, күштi әсерлi және улы заттарға жасалатын қорытындысы жоқ iстердi қабылдайды. Қорытынды болғанның өзiнде де оған әрдайым тиiстi баға берiп отырмайды.
Қылмысты квалификациялауда да қателер жiберiлуде. Соттар негiз бар жағдайда да наркоманиямен ауру деп танылған адамдарға ықтиярсыз емдеудi әрдайым тағайындамайды, жауаптылыққа тартылмаған наркотикалық нәрселердi пайдаланатын адамдар туралы денсаулық сақтау, iшкi iстер мекемелерiне, қоғамдық ұйымдар мен еңбек коллективтерiне көбiнесе хабарламайды.
Айғақты заттарды сақтау ережелерiн бұзу, олардың тағдырын шешпеу фактiлерi де аз емес.
Наркоманиямен ауырған адамдарды емдеу-еңбек профилакторияларына жiберу практикасында кемшiлiктер бар. Ықтиярсыз емдеудiң заңда көрсетiлген жағдайларын соттар үстiртiн анықтайды. Емдеу-еңбек профилакторияларына әрекеттерiнде қылмыстық белгiлерi бар адамдарды жiберу фактiлерi кездесуде.
Көптеген iстер бойынша соттар қылмыс жасауға, наркотиктер пайдалануға мүмкiндiк туғызған себеппен жағдайларды анықтауға заңда көрсетiлген шараларды қолданбайды, оларды жою туралы жеке ұйғаруларды аз шығарады және де бұл документтердiң сапасы заң талабына сай емес. Бұл категорияға жататын iстердi қарағанда соттар оған жұртшылықтың өкiлдерiн қатыстырмайды.
Облыстық және Алматы қалалық соттар аудандық (қалалық) халық соттарының наркоманиямен күресуге бағытталған заңдарды сақтауын жете қадағаламайды, оларға тиiстi практикалық көмек бермейдi.
Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы
Қаулы етеді:
1. Наркотикалық нәрселердi, күштi әсерлi және улы заттарды ұрлауға, заңсыз даярлауға, алуға, сақтауға, таратуға, құрамында наркотикалық нәрселер болатындықтан егуге және өсiруге тыйым салынған дақылдарды егiп және өсiруге, мұндай заттарды пайдалануға притон ұстаушылыққа қарсы күрестi күшейту қажет екендiгiне соттардың назары аударылсын.
Соттар осы категорияға жататын iстердi қарағанда наркоманиямен күресуге бағытталған заңдарды, осы мәселе жөнiнде СССР Жоғарғы Соты және Қазақ ССР Жоғарғы Сотының түсiндiрмелерiн қатаң сақтауға мiндеттi.
2. Соттар наркотикалық нәрселердiң қайдан алынғанын анықтау және қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды жауапқа тарту мақсатында iстердiң сотта қарау дәрежесiн көтерiп, дәлелдемелердiң толық, жан-жақты зерттелуін қамтамасыз етуi керек.
Ықтиярсыз емдеуге жiберу туралы iстердi қарағанда адамдарды наркоманияға жеткiзген нақты және объективтi жағдайлар анықталуға тиiс.
Естияр адамдардың жасы толмағандарды наркотикалық нәрселердi пайдалануға тарту әрекетiнiң қоғамға аса қауiптi екенiн ескере отырып, соттар естияр адамдардың ролін, олардың жасы толмағандарға ықпалының қаншалықты екенін анықтап және осы жағдайларды жаза тағайындағанда ескеруi қажет.
3. Наркотикалық нәрселердi ұрлауды, заңсыз даярлауды, сақтауды, алуды, тасуды, басқаға жiберудi бағалау үшiн кiнәлiнiң көзделген мақсатының (жеке мүддесiне пайдалану, өткiзу) елеулi маңызы бар болғандықтан соттар әрбiр iстi қарағанда осы әрекеттер қандай мақсатта жасалғанын дәйектеп отыруы қажет.
4. Қылмыстық әрекеттерге қатысты заттар мен өсiмдiктердiң түрiн анықтау қажеттiлiгiне байланысты соттар Қазақ ССР ҚК-нің 213, 213-1, 213-2, 214, 214-1, 214-2, 2-бөлiгi, 215-1 статьяларында көрсетiлген қылмыстық iстердi қарағанда криминалистикалық экспертизаның қорытындысын алып, оны басқа да дәлелдемелермен қатар бағалауға тиiс.
5. Соттарға құрамында наркотик бар өсiмдiктердi немесе өсiмдiк бөлiктерiн (апиын, көкнәрi, шоқпарбас гүлi, сабаншасы, сора сабағы, жапырағы) ұрлау, заңсыз алу, сақтау туралы iстер бойынша ұрлауға даярлықты, ұрлауға оқталуды немесе аяқталған қылмысты бір бiрiнен ажыратқанда қылмыстың нақты жағдайларын, өсiмдiктердiң қасиетiн, олардың пайдалануға қаншалықты дайындаған, қылмыстың жасалу стадиясын және тағы да сондай жағдайларды ескеру қажет екендiгiн түсiндiредi. Мұндайда CCCP Жоғарғы Соты Пленумының түсiндiрiмiне сай құрамында наркотигі бар өсiмдiк немесе өсiмдiк бөлiктерiн өткiзу мақсатында немесе бұл мақсатсыз ұрлауды, заңсыз алуды, сақтауды, тасуды не басқаға жiберудi, сондай-ақ, өткiзудi аяқталған қылмыс ретiнде қарау керек.
6. Құрамында наркотикалық нәрселер болатындықтан егуге немесе өсiруге тиым салынған өсiмдiктердi еккен немесе өсiрген және оларды кейiнге сақтаған, тасыған, жiберген немесе өткiзген адамдардың әрекеттерi ҚК-тiң 213 және 214 статьясымен, ал мұндай дақылдарды егуге жердi өз бетiмен иемденiп алғаны анықталған жағдайда ҚК-тiң 156-статьясының 2-бөлiгiмен қоса квалификацияланады.
7. Наркотикалық нәрселердi ұрлап кейiнге сақтаған, тасыған, өткiзу мақсатында немесе бұл мақсатсыз басқаға жiберген, сонымен қатар оны өткiзген адамдар ҚК-тiң 213-1, 214-статьялары жиынтығымен жауапқа тартылуға тиiс.
8. Наркотик нәрселердiң мөлшерiн анықтаған кезде оның көлемiн, салмағын, оның адам организмiне әсер ету дәрежесi жағынан қасиетiн есепке алып, СССР Денсаулық сақтау министрлiгi жанындағы Наркотиктердi бақылау жөнiндегi тұрақты комитет әзiрлеп жасаған ұсыныстарды ескеру керек. Егер заңсыз әрекеттер әртүрлі наркотиктермен байланысты болса, олардың мөлшерi жалпы санына сәйкес анықталуға тиiс.
9. Наркотикалық нәрселердi өздерi ұйымдастырған притондарда немесе осы мақсатқа берiлген үй-жайда өткiзген адамдардың әрекеттерi ҚК-тiң 214-статьясы және 215-1 статьяның 2-бөлiгi жиынтықтарымен бағаланады.
10. Наркотикалық нәрселердi жасы толмағандарға өткiзушi естияр адамдар, демек оларды қылмыс iстеуге тартушылар (наркотикалық заттарды алу) ҚК-тiң 214-статьясын және 201-статьясының 1-бөлiгiмен, ал жасы толмағандарды наркотикалық заттарды қолдануға азғыру фактiлерi анықталса ҚК-тiң 213-2-статьясының 2-бөлiгімен қосымша жауаптылыққа жатады.
11. Наркоманиямен ауру деп танылған адамға жаза тағайындағанда ҚК-тiң 12 статьясына сәйкес соттар ықтиярсыз емдеу мәселесiн қолдануды талқылауы керек.
12. Соттар наркомания туралы iстер бойынша үкiм қабылдағанда айғақты заттардың тағдырына байланысты мәселелердi Қазақ ССР ҚIЖК-нiң 60 статьясына және CCCP Юстиция Министрінің 1975-жылғы 11-декабрьдегі N 29 бұйрығы мен бекiтiлген соттардағы айғақты заттарды қабылдау, есепке алу, сақтау тәртiбiнiң ережесiне сәйкес шешуге мiндеттi.
13. Наркоманиямен ауру адамдарды емдеу-еңбек профилакторияларына жiберу туралы iстердi қарағанда соттардың қол астында ықтиярсыз емдеудiң қажеттi және емдеуге денсаулығы жарамдылығы жөнiнде дәрiгердiң тиiстi қорытындысы болуы керек. Емдеу-еңбек профилакторияларына бұл мекемеде болуына кедергi болатын сырқаты бар, сондай-ақ, iс әрекетiнде қылмыстың белгiсi бар адамдарды жiберуге мүлде болмайды. Әрекеттерінде қылмыстың белгiлерi бар адамдар туралы мәселенi шешу үшiн сот қылмыстық iс қорғау туралы ұйғару шығарады немесе материалды анықтама жүргiзетiн не алдын ала тергеу органдарына жiбередi.
Заң мағынасында ықтиярсыз емдеу және еңбекпен қайта тәрбиелеуге тағайындалған мерзiм наркоманиямен ауырған адамның емдеу-еңбек профилакториясында болатын уақыты деп қаралады. Сондықтан осы мерзiм адамды емдеу-еңбек профилакториясына орналастырған күннен бастап есептеледі, бұл сот қаулысының қорытынды бөлiгiнде көрсетiлуге тиiсті.
14. Наркоманиямен күресуге бағытталған заңдарды қолданылған iстердi қарағанда соттар заңда келтiрiлген шараларды қолданып наркотикалық нәрселердің қайдан алынғанын, қылмыс жасау себебiн және оған мүмкiндiк туғызған жағдайларды анықтауға, олар жөнінде жеке ұйғару шығаруға тиiс. Демек, соттар дәрiгерлiк мекемелер мен аптекалардағы наркотикалық нәрселердiң, күштi әсерлi және улы заттардың сақталуы мәселелерiн, жер пайдалануын бақылау, шаруашылықтардың жабайы сораны жоюы туралы тағы басқа сондай мәселелердi анықтауы керек. Iстi сотта қарағанда жұртшылықтың өкiлдерiн кеңiнен қатыстыру қажет.
15. Қазақ ССР Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөніндегi коллегиясы, облыстық және Алматы қалалық соттар бұл категорияға жататын iстердiң дер кезiнде және дұрыс қаралуын қадағалауды күшейте түссiн.
16. Осы қаулыны қабылдауға байланысты Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1965-жылғы 28-сентябрьде N 6 "Алкоголизм және наркоманиямен күресуге бағытталған заңдарды қолдануға байланысты сот практикасы туралы" және бұған 1967-жылғы 26-сентябрьдегi N 9, 1978-жылғы 23-мартындағы N 7, 1984-жылғы 29-июньдегі N 6 Пленум қаулыларымен енгiзілген қосымшалар мен өзгерiстер және Қазақ ССР Жоғарғы Сотының 1983 жылғы 20-июньдегi N 9 "Наркоманиямен күресуге бағытталған заңдарды қолдануға байланысты сот практикасы" туралы Пленум қаулылары күшін жойды деп саналсын.