Вопpосы Посольства Республики Казахстан в Китайской Наpодной Республике

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 15 сентябpя 1992 года N 756. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 27 июля 2005 г. N 781

      В связи с учреждением Посольства Республики Казахстан в Китайской Народной Республике Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Установить штатную численность Посольства Республики Казахстан в количестве 24,75 единицы с годовым фондом оплаты труда в сумме 189327 долларов США.
      2. Установить Чрезвычайному и Полномочному Послу Республики Казахстан в Китайской Народной Республике должностной оклад в размере 1039 долларов в месяц.
      Должностные оклады сотрудников Посольства Республики Казахстан установить исходя из оклада Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Китайской Народной Республике в соответствии со штатным расписанием.
      3. С учетом особой важности отношений с Китайской Народной Республикой, сложности и большого объема работы установить надбавку к должностному окладу посла Республики Казахстан в размере 20 процентов от его оклада в иностранной валюте.
      4. Установить отчисления на медицинское обслуживание сотрудников Посольства Республики Казахстан в Китайской Народной Республике в размере 0,5 процента от фонда заработной платы в иностранной валюте.
      5. Утвердить смету расходов Посольства Республики Казахстан в Китайской Народной Республике на 1992 год в сумме 248048 долларов США и 10464148 рублей.
      6. Для обеспечения деятельности Посольства Республики Казахстан в Китайской Народной Республике выделить Министерству иностранных дел Республики Казахстан необходимые средства в долларах США (Республиканский валютный фонд) и рублях (Министерство финансов Республики Казахстан).

      Премьер-министр

    Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшiлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 15 қыркүйек 1992 ж. N 756. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қытай Халық Республикасында Қазақстан Республикасының Елшiлiгi құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны жылдық еңбекақы қоры 189327 АҚШ доллары мөлшерiнде болатын 24,75 адам шамасында бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiне айына 1039 доллар мөлшерiнде лауазымдық жалақы тағайындалсын. 
      Қазақстан Республикасы Елшiлiгi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң жалақысына қарайластырып, штат кестесiне сәйкес тағайындалсын. 
      3. Қытай Халық Республикасымен арадағы қатынастардың айрықша маңызы, жұмыстың күрделiлiгi мен көлемiнiң үлкендiгi ескерiлiп, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына шетел валютасымен жалақысының 20 процентi мөлшерiнде үстеме белгiленсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшiлiгiнiң қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге жалақы қорының 0,5 процентi мөлшерiнде шетел валютасымен қаржы бөлiнетiн болып белгiленсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшiлiгiнiң 1992 жылғы шығыс сметасы 248048 АҚШ доллары және 10464148 сом мөлшерiнде бекiтiлсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшiлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне АҚШ долларымен (Республикалық валюта қорынан) және соммен (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнен) қажеттi қаржы бөлiнсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi