Об увеличении размера пени с сумм недоимки при перечислении средств в Пенсионный фонд Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 мая 1993 года N 444. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      В целях недопущения фактов неплатежей страховых взносов в Пенсионный фонд Республики Казахстан и создания благоприятных экономических условий для более полного сбора денежных средств и своевременного обеспечения выплат пенсий из Пенсионного фонда Республики Казахстан Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить пеню с суммы недоимки при перечислении средств в Пенсионный фонд Республики Казахстан в размере 1,5 процента за каждый день просрочки.
      Учреждения, финансируемые за счет республиканского и местных бюджетов, от уплаты пени за задержку перечисления страховых взносов освобождаются.
      Пени за задержку перечисления страховых взносов, уплаченные бюджетными учреждениями после выхода указанного постановления, зачесть в счет их будущих платежей. <*>
      Сноска. Пункт 1 дополнен абзацами - постановлением от 9 декабря 1993 г. N 1229.
      2. Министерству социальной защиты населения Республики Казахстан совместно с Министерством финансов и Национальным банком Республики Казахстан в двухмесячный срок разработать и внести на рассмотрение Кабинета Министров Республики Казахстан порядок взимания и учета взносов в Пенсионный фонд Республики Казахстан и расходования средств Пенсионного фонда Республики Казахстан.

  Премьер-министр
Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына қаржыны аудару кезiнде берешек сомасына салынатын өсiмдi арттыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 31 мамыр 1993 ж. N 444. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын төлемеу фактiлерiне жол бермеу және ақша қаражаттарын толығымен жинап, зейнетақыны Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорынан мерзiмiнде төлеудi қамтамасыз ету үшiн қолайлы экономикалық жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына ақша аудару барысында мерзiмiн өткiзiп алған әр күнiнен салынатын өсiм берешек сомасының 1,5 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. 
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен қаржыландырылатын мекемелер сақтандыру жарналарын аударуды кiдiрткенi үшiн өсiм төлеуден босатылады. 
      Бюджеттiк мекемелер осы қаулы шыққаннан кейiн төлеген сақтандыру жарналарын аударуды кiдiрткенi үшiн алынатын өсiм олардың алдағы төлемдерiнiң есебiне жатқызылады. <*> 
       Ескерту. 1-тармағы жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРМК-нiң 09.12.1993 ж. N 1229 қаулысымен.  
      2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк банкiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры жарналарының төленiп, есепке алынуы және Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры қаржыларының жұмсалуы тәртiбiн екi ай мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзсiн. 

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi