О проведении юбилеев и праздновании памятных дат

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 7 июня 1993 года N 465. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 28 сентября 1999 г. N 1465 ~P991465.

      В последние годы в республике повсеместно проводятся юбилеи выдающихся личностей, отмечаются памятные даты в истории Казахстана. В целом они получают положительный общественный резонанс, способствуют росту национального самосознания, укреплению межнационального согласия. Вместе с тем в отдельных случаях юбилеи отмечаются без достаточного основания, допускается проведение празднеств по поводу различных юбилейных и памятных дат, не имеющих общенародного исторического и культурного значения.
      В целях координации проведения юбилеев, упорядочения проводимых торжеств и празднеств Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить, что на республиканском уровне отмечаются:
      юбилеи выдающихся, всенародно известных личностей, внесших крупный вклад в развитие духовной культуры, становление и укрепление государства, видных деятелей науки и искусства;
      памятные даты событий, имеющих общенародное историческое и культурное значение;
      годовщины образования отдельных предприятий, организаций, научных и культурных учреждений, учебных заведений, обществ, внесших выдающийся вклад в экономический и духовный потенциал республики.
      2. Считать основным лейтмотивом проведения юбилейных мероприятий повышение престижа суверенного государства, укрепление единства, межнационального согласия, закрепление новых традиций в общественном сознании, формирование чувства казахстанского патриотизма, уважительного отношения к истории.
      3. Признать целесообразным празднование юбилейных дат отдельных личностей - в первом столетии - шестидесятилетие со дня рождения, затем каждое десятилетие, в последующих столетиях - через каждые четверть века.
      4. Памятные даты событий, имеющих общенародное историческое и культурное значение, юбилеи областей, городов, предприятий, организаций, научных и культурных учреждений, учебных заведений, обществ, добившихся выдающихся результатов, отмечаются в дни пятидесятилетия, семидесятилетия, столетия и далее через каждые 25 лет.
      5. Для определения общенародной значимости юбилейных дат и годовщины памятных событий необходимо проводить предварительную научную экспертизу.
      6. Юбилеи и памятные даты областного уровня определяются и проводятся по согласованию с Кабинетом Министров Республики Казахстан совместными решениями глав областных администраций и Советов народных депутатов.
      7. Одобрить прилагаемый перечень юбилеев выдающихся личностей

и событий, проводимых на республиканском уровне в период с 1993 по
1995 годы.
     8. Признать утратившим силу постановление Совета Министров
Казахской ССР от 21 февраля 1967 г. N 114 "О наведении порядка в
праздновании юбилеев".

     Премьер-министр
  Республики Казахстан
                                                  Приложение
                                    к постановлению Кабинета Министров
                                            Республики Казахстан
                                           от 7 июня 1993 г. N 465

                           ПЕРЕЧЕНЬ
            юбилеев, проводимых на республиканском
             уровне в период с 1993 по 1995 годы
      
      


Мерейтойларды өткiзу мен атаулы даталарды мерекелеу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 7 маусым N 465. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.09.28. N 1465 қаулысымен. ~P991465

      Соңғы жылдары республикамыздың жер-жерiнде әйгiлi адамдардың мерейтойлары өткiзiлiп, Қазақстан тарихындағы атаулы даталар атап өтiлуде. Жалпы олар жұртшылықтан дұрыс қолдау тауып, ұлттың сана-сезiмiнiң өсуiне, ұлтаралық татулықты нығайту iсiне септесуде. Алайда, кейбiр жағдайларда мерейтойлар дәлелi жеткiлiксiз болса да атап өтiлiп жатады, жалпыхалықтық тарихи және мәдени маңызы бола бермейтiн түрлi тойлардың, сондай-ақ басқадай да даталарға байланысты мерекелердiң тойлануларына жол берiлiп жатады.
      Мерейтойларды өткiзудi үйлестiрiп отыру, сонымен қатар өткiзiлетiн салтанаттар мен мерекелердi жүйелi тәртiпке түсiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Республикалық дәрежеде мыналар аталатын болып белгiленсiн:
      рухани мәдениеттiң дамуына, мемлекеттiң қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңiнен танымал әйгiлi адамдардың, ғылым мен мәдениеттiң көрнектi қайраткерлерiнiң мерейтойлары;
      жалпыхалықтық тарихи және мәдени маңызы бар есте қаларлық оқиғалардың даталары;
      республиканың экономикалық және рухани әлеуетiне аса зор үлес қосқан жекелеген кәсiпорындардың, ұйымдардың, ғылым мен мәдениет мекемелерiнiң, оқу орындарының, қоғамдардың құрылған жылдары.
      2. Мерейтой шараларын өткiзудiң негiзгi арқауы - егемен мемлекетiмiздiң беделi мен мәртебесiн көтеру, ынтымақ-бiрлiктiң, ұлтаралық татулықтың нығаюы, қоғамдық санада жаңа дәстүрлердi бекiту, қазақстандық отаншылдық, тарихқа құрметпен қарау сезiмiн қалыптастыру болып саналсын.
      3. Жекелеген адамдардың мерейтой даталары былайша белгiленiп, атап өту жөн деп табылсын: алғашқы жүзжылдықта - туғанына алпыс жыл толуы, содан кейiнгi әрбiр онжылдықтар; кейiнгi жүзжылдықтарда - әрбiр жиырма бес жыл сайын.
      4. Жалпыхалықтық тарихи және мәдени маңызы бар атаулы оқиғалардың даталары, аса зор жетiстiктерге қол жеткiзген облыстардың, қалалардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың, ғылыми және мәдени мекемелердiң, оқу орындарының, қоғамдардың мерейтойлары елу жыл толғанда, жетпiс бес жылдығында, жүз жыл толғанда, одан әрi әрбiр жиырма бес жыл сайын атап өтiлетiн болсын.
      5. Атаулы оқиғалардың мерейтой даталарының жалпыхалықтық маңызын анықтау үшiн оларды алдын-ала ғылыми сараптан өткiзiп алу қажет.
      6. Облыстық дәрежеде өткiзiлетiн мерейтойлар мен атаулы даталар Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң келiсiмi бойынша облыстардың әкiмдерi мен халық депутаттары облыстық Кеңестерiнiң бiрлескен шешiмiмен белгiленедi.
      7. 1993-1995 жылдар аралығында республикалық дәрежеде

өткiзiлетiн көрнектi адамдар мен атаулы оқиғалардың 
мерейтойларының ұсынылып отырған тiзiмi мақұлдансын.
     8. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Мерекелердi мейрамдауға
тәртiп орнату туралы" 1967 жылғы 21 ақпандағы N 114 қаулысының
күшi жойылған деп танылсын.
            Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң 
                                       1993 жылғы 7 маусымдағы
                                            N 465 қаулысына
                                               Қосымша
            1993-1995 жылдар аралығында республикалық деңгейде
                      өткiзiлетiн мерейтойлардың
                         Тiзiмi
                            (Кесте)