Об организации Института повышения квалификации преподавателей высших учебных заведений

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 7 декабря 1993 года N 1222

      В соответствии с Законом Республики Казахстан Z932700_ "О высшем образовании" и постановлением Президента Республики Казахстан от 9 января 1993 г. N 1059 K931059_ "О статусе Казахского государственного университета им. Аль-Фараби" и в целях совершенствования системы повышения квалификации научно-педагогических кадров высшей школы республики Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Принять предложение Казахского государственного национального университета им. Аль-Фараби, согласованное с Министерством образования Республики Казахстан, об организации института повышения квалификации преподавателей высших учебных заведений Казахского государственного национального университета им. Аль-Фараби на базе института повышения квалификации преподавателей общественных наук и факультета повышения квалификации преподавателей общенаучных дисциплин при КазГУ им. Аль-Фараби.
      2. Министерству образования Республики Казахстан в установленном порядке передать на баланс Казахского государственного национального университета им. Аль-Фараби учебный корпус, общежитие ИПК преподавателей общественных наук при КазГУ им. Аль-Фараби.
      3. Казахскому государственному национальному университету им. Аль-Фараби совместно с Министерством образования, другими министерствами и ведомствами республики, имеющими вузы, ежегодно осуществлять формирование контингента слушателей в названный институт повышения квалификации и обеспечить целевое использование его материально-технической базы.
  Премьер-министр
Республики Казахстан


Жоғары оқу орындары оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыру институтын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 7 желтоқсан 1993 ж. N 1222

      "Жоғары бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059 P931059_ қаулысына сәйкес және республиканың жоғары мектеп ғылыми-педагогикалық мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн жетiлдiру мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiмен келiсiлген Әл-Фараби атындағы ҚазМУ жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыру институты және жалпы ғылыми пәндер оқытушыларының бiлiктiлiгiн жетiлдiру факультетiнiң негiзiнде Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетi жоғары оқу орындары оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыру Институтын ұйымдастыру жайлы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi белгiленген тәртiппен Әл-Фараби атындағы ҚазМУ жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыру институтының оқу ғимараты мен жатақханасын Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiне берсiн.
      3. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетi Бiлiм министрлiгiмен жоғары оқу орындары бар республиканың басқа да министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрге жыл сайын осы аталған бiлiктiлiктi институтының тыңдаушылар тобын қалыптастыруды жүзеге асырсын және оның материалдық-техникалық базасын көзделген мақсатта пайдалануды қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi