Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Ақмола және Атырау облыстары әкiмдерiнiң Батыс Қазақстан
темiр жолы Гурьев бөлiмшесiн - Батыс Қазақстан темiр жолы Атырау
бөлiмшесi, Гурьев-1 стансасын-Ақжайық стансасы, Гурьев-2
стансасын-Атырау стансасы, Гурьев-3 стансасын-Махамбет стансасы,
Тың темiр жолы Целиноград бөлiмшесiн-Тың темiр жолы Ақмола
бөлiмшесi және Целиноград стансасын-Ақмола стансасы етiп өзгерту
туралы Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiмен және Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк
ономастикалық комиссиясымен келiсiлген ұсыныстары құпталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi