Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
үкiмет басшылары кеңесiнiң 1993 жылғы 24 қыркүйектегi шешiмiне
сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне Тәуелсiз
Мемлекеттер Достастығы аумағында ұйымдасқан қылмысқа және басқа
қауiптi қылмыс түрлерiне қарсы күрестi үйлестiру жөнiндегi бюроның
қызметiне қатысу құқығы берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi орталық
аппаратының штатына өкiлеттi өкiл - бас инспектор лауазымы
енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi Қазақстан
Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының
келiсуi бойынша өкiлеттi өкiлдi - бас инспекторды тағайындасын және
оны бұдан былай қызмет өткеру үшiн Мәскеу қаласына жiберетiн болсын.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы
4 мамырдағы N 350-15 қаулысына N 3 қосымша "Өрттен қорғау бас
басқармасының бастығы iшкi қызметтiң генерал-майоры" деген сөздерден
кейiн "Өкiлеттi өкiл - бас инспектор милиция генерал-майоры" деген
сөздермен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республиканың
бюджетiн кезектi дәлдей түсу кезiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы
аумағында ұйымдасқан қылмысқа және басқа қауiптi қылмыс түрлерiне
қарсы күрестi үйлестiру жөнiндегi бюроны ұстауға Қазақстан
Республикасының үлес қосып қатысуы үшiн қажеттi қаржы бөлiнуiн
және бұдан былай келесi жылдарға арналған бюджеттiң жобасын жасаған
кезде осы Бюроны ұстауға жұмсалатын шығындарды ескеретiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi