Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң 1994 жылдың
1 қаңтарынан Мемлекеттiк "Орындаушылар академиясы" камералық
оркестрiн ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк
"Орындаушылар академиясы" камералық оркестрiн қаржыландырудың
мүмкiндiктерiн қарастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мемлекеттiк
"Орындаушылар академиясы" камералық оркестрiн ұйымдастыруға
байланысты мәселелердi шешiп, қажеттi аспаптармен және материалдық
базамен қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi