Об утверждении Соглашения об экономическом, научном и техническом сотрудничестве между Правительством Республики Казахстан и Правительством Арабской Республики Египет

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 29 апреля 1994 года № 461

      Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      Утвердить Соглашение об экономическом, научном и техническом сотрудничестве между Правительством Республики Казахстан и Правительством Арабской Республики Египет, подписанное в городе Каире 14 февраля 1993 г.
      Премьер-министр
      Республики Казахстан
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН ЕГИПЕТ АРАБ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМДI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 29 сәуiр 1994 ж. N 461

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1993 жылы 14 ақпанда Каир қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы экономика, ғылым және техника ынтымақтастығы туралы Келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб
Республикасының Үкiметi арасындағы экономика, ғылым және
техника ынтымақтастығы туралы
КЕЛIСIМ

(1997 жылғы 26 ақпанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан РеспубликасыныңҮкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi;
      екi ел арасындағы достық қатынастарды нығайту және өз арасындаэкономика, ғылым және техника ынтымақтастығын дамыту ниетiн көздей отырып;
      төмендегiлер жайында келiстi.

1-бап

      Тараптар олардың елдерiндегi қазiргi заңдар мен нормаларға сәйкес екi Келiсушi Тараптар территорияларындағы тиiстi ұйымдар, мекемелер мен азаматтар арасындағы экономика, ғылым және техника ынтымақтастығын және дамытады.

2-бап

      Тараптардың ұйымдары, мекемелерi, компаниялары мен басқа субъектiлерi арасындағы келiссөздер мен келiсiмдер екi елдiң қазiргi заңдары мен ережелерiне сәйкес осы Келiсiмде белгiленген ынтымақтастық нысандары мен шарттарының негiзiнде жүзеге асырылатын болады.

3-бап

      Тараптар мүмкiн болғанынша орындау тәртiбiн, процедуралар мен уағдаластықтарды жеңiлдетуге ұмтылады, сондай-ақ осы Келiсiмге сәйкес ынтымақтастықтың жүзеге асырылуына жәрдемдеседi.

4-бап

      Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы экономика, ғылым және техника ынтымақтастығы жөнiнде Аралас үкiмет комиссиясын құруға келiстi. Аралас комиссия екi Тараптың ұйымдарының, мекемелерiнiң, компаниялары мен өзге субъектiлерiнiң өкiлдерiнен құралады.
      Тараптар осы Келiсiмдi және экономикалық ынтымақтастық саласында жасалған келiсiм-шарттарды орындауға байланысты арнайы мәселелердi келiссөздер немесе Аралас комиссияда талқылау жолымен шешуге келiстi.

5-бап

      Аралас комиссия Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы экономикалық, ғылыми және техникалық қатынастарға үнемi бақылау жасап отырады. Осы қатынастарды дамыту мақсаттарында Аралас комиссия ортақ мүдделердi бiлдiретiн, Тараптар арасында уағдаластыққа қол жеткiзуге болатын, өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, энергетика, электр энергиясы көлiк, тұрғын үй құрылысы, бiлiм, мәдениет, ғылыми зерттеулер, туризм, спорт, бiрлескен жобаларды қамтиды және өзге салаларды анықтайды. Тиiсiнше бекiтiлген жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн қажеттi шаралар қабылданады.

6-бап

      Тараптар Аралас комиссия оның өкiлеттiгiне қатысты проблемалар бойынша ақпаратпен және консультациялармен алмасу, сондай-ақ екi ел компанияларының арасындағы ынталандыру және байланыстарды жеңiлдету құралы ретiнде iс-қимыл жасайды деп келiстi.

7-бап

      Тараптар Аралас комиссия өзiнiң мәжiлiстерiн жылына бiр рет кезекпен Қазақстанда және Египетте Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi мен Египет Араб Республикасының Халықаралық ынтымақтастық министрлiгi өкiлiнiң төрағалық етуiмен өткiзедi.

8-бап

      Осы Келiсiм әрбiр Үкiмет тарапынан қажеттi конституциялық процедуралардың жасалғаны туралы хабар келген кезден бастап күшiне енедi және анықталмаған мерзiм бойында қолданыста болады. Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi Тараптардың бiрi оны бұзғысы келетiнi туралы жазбаша мәлiмдеген соң алты айдан кейiн тоқтатылады.

      1993 жылы "     " ақпанда Каир қаласында әрқайсысы қазақ, арабжәне ағылшын тiлдерiнде үш түпнұсқа дана болып жасалды, сондай-ақбарлық текстiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмдi түсiнуге байланысты келiспеушiлiктер болған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi текстi басшылыққа алады. Келiсiмнiң текстерiне орыс тiлiндегi аудармасы қоса берiледi.

      Қазақстан Республикасының         Египет Араб Республикасының
        Үкiметi үшiн                            Үкiметi үшiн
      Премьер-министрдiң                Халықаралық ынтымақтастық
         орынбасары                            министрi