Ресей Қорғаныс министрлiгiнiң 52605 әскери бөлiмiнiң
таратылуына және Ресей Федерациясының Семей-21 қаласын (Курчатов
қаласы) қаржыландыруды тоқтатуына байланысты, сондай-ақ осы қаланың
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектiлерiнiң көп бөлiгiнiң
авариялық жағдайын ескерiп Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi қаулы етедi:
1. Курчатов қаласының әкiмi:
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп 1994
жылғы 15 мамырға дейiн Курчатов қаласының тұрмыс қажетiн өтейтiн
барлық құрылымдары бар тұрғын үй-коммуналдық және басқа қызметтердi
қалыптастыратын болсын;
объектiлердiң нормативтерге сәйкес пайдалануын және күтiп
ұсталуын қамтамасыз етсiн. Қажет болған жағдайда жылу, су құбырлары
мен канализация желiлерi мен жүйелерiн қайта құра отырып тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылықты қыс кезiнде пайдалануға жыл сайын
әзiрлеудi белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Курчатов
қаласының жылумен жабдықтау объектiлерiнiң қанағаттанғысыз
техникалық жағдайын ескерiп 1994 жылға арналған бюджеттi
қалыптастыру кезiнде қазандықтар мен труба құбырларын жөндеуге
30 млн. теңге қаржы бөлiнуiн еске алатын болсын.
3. Халықтың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Семей
облысының Курчатов қаласында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлiгiнiң әскерилендiрiлген өрттен қорғау күзетiнiң
мамандандырылған бөлiмi құрылсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Курчатов
қаласындағы мамандандырылған өрттен қорғау күзетiнiң бөлiмiн
ұстауға арнап Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
ұсынуы бойынша республика бюджетiнен қаржы бөлсiн.
4. Қаланың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң қызметiн,
кеден қызметiн, iшкi iстер бөлiмiн, прокуратура мен сотты жасақтау
үшiн 52605 әскери бөлiмi жабдықтарды, механизмдер мен материалдарды
Курчатов қаласының әкiмiне өткiзетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi