Об образовании факультета Военно-Воздушных Сил Республики Казахстан в Актюбинском высшем летном училище гражданской авиации имени дважды Героя Советского Союза Т.Я. Бегельдинова

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 мая 1994 г. N 486

      В целях подготовки высококвалифицированных военных авиационных специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Образовать в Актюбинском высшем летном училище гражданской авиации имени дважды Героя Советского Союза Т.Я. Бегельдинова факультет Военно-Воздушных Сил Республики Казахстан.
      2. Министерству обороны Республики Казахстан по согласованию с Министерством транспорта и Министерством образования Республики Казахстан:
      укомплектовать штаты командно-преподавательского состава и подразделения обеспечения факультета Военно-Воздушных Сил Республики Казахстан за счет имеющейся численности;
      разработать и утвердить Положение о факультете Военно-Воздушных Сил Республики Казахстан, учебные планы и программу подготовки курсантов, условия приема на факультет;
      провести набор курсантов и организовать учебный процесс с 1994/95 учебного года;
      осуществлять реализацию договоров по обучению курсантов других государств на факультете Военно-Воздушных Сил Республики Казахстан.
      3. Министерству транспорта Республики Казахстан обеспечить размещение факультета Военно-Воздушных Сил Республики Казахстан на существующей учебно-материальной, жилищно-казарменной и технической базе.
      4. Содержание факультета Военно-Воздушных Сил Республики Казахстан в 1994 году осуществлять за счет и в пределах утвержденного бюджета для Министерства обороны Республики Казахстан. Министерству экономики и Министерству финансов Республики Казахстан в последующие годы при составлении проектов бюджета предусматривать выделение необходимых материально-технических ресурсов и бюджетных ассигнований для факультета Военно-Воздушных Сил Республики Казахстан.
Премьер-министр Республики Казахстан

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ ЕКI МӘРТЕ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ Т.Ж.БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ҰШҚЫШТАР УЧИЛИЩЕСIНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ-ӘУЕ КҮШТЕРI ФАКУЛЬТЕТIН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 6 мамыр 1994 ж. N 486

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн жоғары бiлiктi әскери авиация мамандарын даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Азаматтық авиацияның екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесiнде Қазақстан Республикасының Әскери-Әуе Күштерi факультетi құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiмен және Бiлiм министрлiгiмен келiсiп:
      Қазақстан Республикасы Әскери-Әуе Күштерi факультетiнiң командалық-оқытушылар құрамы мен қамтамасыз ету бөлiмшесiнiң штатын қолдағы штат санының есебiнен жасақтасын;
      Қазақстан Республикасының Әскери-Әуе Күштерi факультетi туралы Ереженi, оқу жоспарлары мен курсанттарды даярлау бағдарламасын, факультетке қабылдау шарттарын әзiрлеп, бекiтетiн болсын;
      1994/95 оқу жылынан бастап курсанттар қабылдасын және оқу процесiн ұйымдастырсын;
      Қазақстан Республикасының Әскери-Әуе Күштерi факультетiнде басқа да мемлекеттердiң курсанттарын оқыту жөнiнде шарттарды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi Қазақстан Республикасының Әскери-Әуе Күштерi факультетiн қолдағы оқу-материалдық, тұрғын үй-казармалық және техникалық базаға орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Әскери-Әуе Күштерi факультетiн 1994 жылы ұстау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне арналып бекiтiлген бюджеттiң есебiнен және соның шегiнде жүзеге асырылсын. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен қаржы министрлiгi бұдан кейiнгi жылдары бюджеттiң жобаларын жасау кезiнде Қазақстан Республикасының Әскери-Әуе Күштерi факультетi үшiн қажеттi материалдық-техникалық ресурстар мен бюджет қаражаты бөлiнуiн көздесiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi