Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 20 мая 1994 г. N 547. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 25 июня 1996 г. N 787 ~P960787
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 20 мамыр N 547. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.25. N 787 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жалақы мен жасына байланысты зейнетақының ең төменгi жаңа мөлшерiн белгiлеу туралы" 1994 жылғы 12 сәуiрдегi N 1651 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай табысы (айлық ақысы) туралы" 1994 жылғы 18 мамырдағы N 530 қаулысына сәйкес белгiленген Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап 2,5 есе өсiрiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi