Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы
арасындағы келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру және өзара
тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамыту жөнiндегi жұмысты үйлестiру
мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы
етедi:
1. Қазақстан-Германия Үкiметаралық экономикалық ынтымақтастық
Кеңесiнiң Қазақстан жағы құрылсын.
2. Қазақстан-Германия Үкiметаралық экономикалық ынтымақтастық
Кеңесiнiң Қазақстан жағының тең төрағасы болып Қазақстан
Республикасының Экономика министрi М.Ф. Үркiмбаев бекiтiлсiн.
3. Үкiметаралық Кеңестiң Қазақстан жағының тең төрағасына
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен,
басқа да мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып бiр ай мерзiмде
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Кеңестiң жеке
құрамы бойынша ұсыныс енгiзу тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi