Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әзiрбайжан Республикасында,
Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Грузия
Республикасында, Қырғызстан Республикасында, Молдова Республикасында,
Түркменстанда, Өзбекстан Республикасында, Украинада Қазақстан
Республикасының Елшiлiктерiн ашу туралы" 1993 жылдың 9 қаңтарындағы
N 1057
U931057_
Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Украинадағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны 10
адам болып бекiтiлсiн.
2. Украинадағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi
Елшiсiнiң лауазымдық шет ел валютасындағы жалақысы айына 700 АҚШ
доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Украина
Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шет ел валютасындағы
жалақысының негiзiнде штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге олардың
АҚШ долларындағы еңбек ақы қорынан 1 процент мөлшерiнде аударым жасау
белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы
министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Украинадағы Қазақстан Республикасы
Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығын сметасын бекiтсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған мақсаттарға
1994 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржы есебiнен
қаражат бөлудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi