Об учpеждении пpемии имени академика Д.А. Кунаева в области наук о Земле для молодых ученых

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 24 августа 1994 г. N 957. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 10 мая 2000 г. N 685 ~P000685

      Во исполнение Постановления Президента Республики Казахстан от 24 февраля 1994 г. N 1577 "Об увековечении памяти Д.А. Кунаева (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 10, ст. 98) Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить Положение о порядке присуждения премии имени академика Национальной академии наук Республики Казахстан Д.А. Кунаева в области наук о Земле для молодых ученых (прилагается).
      2. Национальной академии наук Республики Казахстан для присуждения указанной премии выделять необходимые суммы за счет бюджетных средств, предусмотренных на финансирование программ фундаментальных исследований.
 

   Премьер-министр

Республики Казахстан



                                            Утверждено



                                 постановлением Кабинета Министров   

                                       Республики Казахстан

                                    от 24 августа 1994 г. N 957



 
 
                             ПОЛОЖЕНИЕ
           о порядке присуждения премии имени академика
          Национальной академии наук Республики Казахстан
            Д.А. Кунаева в области наук о Земле для
                         молодых ученых
 
      1. В соответствии с постановлением Президента Республики Казахстан от 24 февраля 1994 г. "Об увековечении памяти Д.А.Кунаева" учреждены ежегодные премии (три) имени академика Национальной академии наук Республики Казахстан Д.А. Кунаева в области наук о Земле для молодых ученых в размере 50 минимальных месячных заработных плат.
      2. Премии присуждаются молодым ученым в возрасте не выше 35 лет (включительно), являющимся гражданами Республики Казахстан, работающим в учреждениях (организациях, вузах, предприятиях) республики и (или) обучающимся в высших учебных заведениях, аспирантуре, ординатуре, адъюнктуре республики за перспективные и принципиально новые научно-технические решения, научные исследования в области наук о Земле, имеющие большое теоретическое и практическое значение.
      Премия присуждается один раз за работу (или цикл работ), ранее не удостоенную (ых) других премий и наград.
      3. Премии присуждаются Кабинетом Министров Республики Казахстан ко дню рождения академика Д.А. Кунаева на основании решения Национальной академии наук Республики Казахстан.
      4. Решение о проведении конкурса на соискание премии публикуется в республиканской официальной печати не позднее месяца до даты начала конкурса (1 декабря ежегодно).
      5. Выдвижение работ на соискание премии производится Учеными и Научно-техническими Советами, Советами молодых ученых научных учреждений, вузов, организаций и предприятий, а также индивидуально (самовыдвижение).
     Численность коллектива, выдвигаемого на соискание премии, не должна превышать 3-х человек. Не допускается включение в авторский коллектив лиц только по признаку административной или организационной деятельности.
      6. Материалы на соискание премии должны содержать:
      - научную работу в виде монографии, оттисков статей, авторских свидетельств, патентов, рефератов с указанием времени и места публикации. К каждому экземпляру работы прилагается аннотация, подписанная авторами и заверенная печатью выдвигаемой организации;
      - сопроводительные материалы:
      выписка из протокола заседания Ученого (Научно-технического) Совета о выдвижении кандидата на соискание премии;
      Сноска. При самовыдвижении не представляется.
      мотивированное представление, характеризующее научные достижения соискателя (либо мотивированное личное заявление), содержащее общую оценку работы специалистами, сведения об исполнителях работы и времени ее выполнения, практической реализации результатов работы;
      сведения о соискателе: фамилия, имя, отчество, число, месяц, год рождения, место работы (учебы), занимаемая должность, ученая степень, ученое звание, служебный и домашний адреса, номера служебного и домашнего телефонов;
      список опубликованных научных трудов соискателя за последние пять лет, а также оттиски наиболее важных работ (не более трех), аннотации к монографиям, книгам, брошюрам;
      справка о творческом вкладе каждого из соисполнителей.
      Материалы должны быть подписаны руководителями администраций по основному месту работы (учебы) соискателя и заверены печатью организации.
      7. Президиум Национальной академии наук Республики Казахстан образует экспертную комиссию из числа ведущих ученых республики в области наук о Земле для экспертизы и оценки представленных работ, проведения конкурсного отбора.
      Экспертная комиссия подготавливает списки кандидатур ученых, рекомендуемых к присуждению премии, и представляет на рассмотрение в Президиум Национальной академии наук Республики Казахстан.
      8. Кандидатуры ученых, рекомендуемых к присуждению премии, после рассмотрения в Национальной академии наук Республики Казахстан представляются на утверждение в Кабинет Министров Республики Казахстан.
      9. Решение о присуждении премии принимается Кабинетом Министров Республики Казахстан и сообщает лауреатам и общественности через республиканские газеты, а также научные журналы Национальной академии наук Республики Казахстан в месячный срок со дня принятия решения о присуждении премии.
      10. Средства на финансирование премии имени академика Д.А. Кунаева в области наук о Земле ежегодно выделяются за счет бюджетных средств, предусмотренных на финансирование программы фундаментальных наук.
      11. Премии имени академика Д.А. Кунаева в области наук о Земле выдаются (высылаются) Национальной академией наук Республики Казахстан.
      12. Разработка Инструкции о порядке проведения конкурса на присуждение премии имени академика Д.А. Кунаева в области наук о Земле возлагается на Президиум Национальной академии наук Республики Казахстан.
 

Жер туралы ғылым саласында жас ғалымдарға академик Д.А. Қонаев атындағы сыйлықтар тағайындау жөнiнде

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 24 тамыз N 957. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.05.10. N 685 қаулысымен. ~P000685

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Д.А. Қонаев есiмiн мәңгi есте қалдыру туралы" 1994 жылғы 24 ақпандағы N 1577 Қаулысын (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 10, 98-бап) iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Жер туралы ғылым саласында жас ғалымдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi Д.А. Қонаев атындағы сыйлықты беру тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 
      2. Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясы аталған сыйлықты беру үшiн iргелi зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыруға арналған бюджет қаражат есебiнен қажеттi сома бөлiп отырсын. 
 
        Қазақстан Республикасының 
           Премьер-министрi 
                                        Қазақстан Республикасы 
                                        Министрлер Кабинетiнiң 
                                        1994 жылғы 24 тамыздағы 
                                            N 957 қаулысымен 
                                             бекiтiлген 
 
           Жер туралы ғылым саласында жас ғалымдарға Қазақстан 
           Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi 
         Д.А. Қонаев атындағы сыйлықтарды беру тәртiбi туралы 
                              Ереже 
 
        1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Д.А. Қонаевтың өсiмiн мәңгi есте қалдыру туралы" 1994 жылғы 24 ақпандағы қаулысына сәйкес Жер туралы ғылым саласында жас ғалымдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi Д.А. Қонаев атындағы 50 ең төменгi жалақы мөлшерiнде жыл сайын берiлетiн сыйлықтар (үшеу) тағайындалды. 
      2. Сыйлықтар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, республиканың мекемелерiнде (ұйымдарда, жоғары оқу орындарында, кәсiпорындарда) қызмет iстейтiн және (немесе) республиканың жоғары оқу орындарында, аспирантурада, ординатурада, адьюнктурада оқитын жасы 35-тен аспаған жас ғалымдарға үлкен теориялық және практикалық маңызы бар Жер туралы ғылым саласындағы перспективалы және принциптi жаңа ғылыми-техникалық шешiмдер, ғылыми зерттеулер үшiн берiледi. 
      Сыйлық бұрын басқа сыйлықтар мен наградаларға ие болмаған жұмыс (немесе жұмыстар топтамасы) үшiн бiр рет берiледi. 
      3. Сыйлықтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының шешiмi негiзiнде академик Д.А. Қонаевтың туған күнi қарсаңында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бередi. 
      4. Сыйлық алу үшiн конкурс өткiзу шешiмi республикалық ресми баспасөзде конкурс басталатын күннен бiр ай бұрын (жыл сайын 1 желтоқсанда) жарияланады. 
      5. Сыйлық алу үшiн еңбектердi конкурсқа ұсыну ғалымдар мен ғылыми-техникалық кеңестер, ғылыми мекемелердiң, жоғары оқу орындарының, ұйымдар мен кәсiпорындардың жас ғалымдарының ғылыми кеңестерi, сондай-ақ жеке түрде (өзiн-өзi ұсыну) арқылы жүргiзiледi. 
      Сыйлық алу үшiн конкурсқа ұсынылатын ұжымның саны 3 адамнан аспауы тиiс. Авторлық ұжымға адамдарды тек қана әкiмшiлiк немесе ұйымдастыру қызметi бойынша енгiзуге болмайды. 
      6. Сыйлық алуға ұсынылған материалдарда: 
      - жарияланған уақыты мен жерi көрсетiлген монография түрiндегi ғылыми жұмыс, мақалалардың көшiрмелерi, авторлық куәлiктер, патенттер, рефераттар болуы тиiс. Жұмыстың әрбiр данасына авторлардың қолы қойылып, ұсынушы мекеменiң мөрiмен куәландырылған аннотация қоса берiледi; 
      - қосымша материалдар: 
      сыйлық алуға кандидатты ұсыну туралы ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңес мәжiлiсi хаттамасының көшiрмесi<*>; 
      <*>Өзiн-өзi Ұсынған болса берiлмейдi. 
      мамандардың жұмысқа берген жалпы бағасы бар ұсынылушының ғылыми жетiстiктерiн сипаттайтын дәлелдi ұсынысы (немесе дәлелдi жеке мәлiмдемесi), жұмысты орындаушылар мен оны орындау уақыты, жұмыс нәтижелерiнiң практикада iс жүзiне асырылуы туралы деректер; 
      ұсынылушы туралы мәлiметтер: фамилиясы, есiмi, әкесiнiң есiмi, туған күнi, айы, жылы, жұмыс (оқу) орны, атқаратын қызметi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, жұмысы мен үйiнiң мекен-жайы, қызмет және үй телефондарының номерлерi; 
      ұсынылушының соңғы бес жыл iшiнде жарияланған ғылыми еңбектерiнiң тiзiмi, сондай-ақ басты жұмыстарының көшiрмелерi (3-тен көп емес), монографияларға, кiтаптарға, кiтапшаларға қатысты аннотациялар; 
      бiрлесе орындағандардың әрқайсысының шығармашылық үлесi туралы анықтама болуы тиiс. 
      Материалдарға ұсынылушының негiзгi жұмыс (оқу) орны әкiмшiлiгi басшысының қолы қойылып және ұйымның мөрiмен расталуы керек. 
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұсынылған жұмыстарды сараптау және бағалау, конкурстық iрiктеу жүргiзу үшiн Жер туралы ғылым саласындағы республиканың жетекшi ғалымдарынан сараптау комиссиясын құрады. 
      Сараптау комиссиясы сыйлық беруге ұсынылған ғалымдар кандидатураларының тiзiмiн әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Төралқасының қарауына тапсырады. 
      8. Сыйлық беруге ұсынылған ғалымдардың кандидатуралары Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының қарауына өткен соң Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынылады. 
      9. Сыйлық беру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi шығарады және лауреаттар мен жұртшылыққа сыйлық беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде республикалық газеттер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ғылыми журналдары арқылы хабарланады. 
      10. Жер туралы ғылым саласындағы академик Д.А. Қонаев атындағы сыйлыққа деген қаражат iргелi зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыруға арналған бюджет қаражаты есебiнен бөлiнiп отырады. 
      11. Жер туралы ғылым саласындағы академик Д.А. Қонаев атындағы сыйлықты Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы бередi (жiбередi). 
      12. Жер туралы ғылым саласында академик Д.А. Қонаев атындағы сыйлық беруге арналған конкурс өткiзу тәртiбi туралы Нұсқаулықты әзiрлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына жүктеледi.