О либерализации цен на нефтепродукты

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 ноября 1994 г. N 1224. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 17 марта 2003 г. N 258

      В целях дальнейшего развития конкуренции и создания равных условий для всех хозяйствующих субъектов, занимающихся реализацией нефтепродуктов, Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Осуществлять с 7 ноября 1994 г. реализацию нефтепродуктов нефтеперерабатывающими заводами республики и предприятиями Государственной акционерной компании "Мунай онимдери" по свободным ценам.
      2. Предприятиям Государственной акционерной компании "Мунай онимдери" произвести по состоянию на 7 ноября 1994 г. инвентаризацию и переоценку остатков нефтепродуктов, реализация которых до 7 ноября 1994 г. осуществлялась по регулируемым ценам, с коэффициентом 1,6. Сумму дооценки направить на пополнение собственных оборотных средств.
      3. Государственному комитету Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике осуществлять контроль за ценами на нефтепродукты, производимые и реализуемые нефтеперерабатывающими и нефтеснабжающими предприятиями, в порядке, предусмотренном постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 19 октября 1994 г. N 1171 P941171_  "О регулировании цен на продукцию хозяйствующих субъектов - естественных монополистов".
      4. Признать утратившим силу:
      пункт 5 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 28 января 1993 г. N 68 "О государственном регулировании цен на энергоносители и социальной поддержке населения в связи с удорожанием тарифов на жилищно-коммунальные услуги" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 2, ст. 29);
      абзац второй пункта 3 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 августа 1993 г. N 678 "О государственных регулируемых ценах на энергоносители" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 32, ст.368);
      пункты 3 и 4 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 23 марта 1994 г. N 288 "О либерализации цен на энергоресурсы и регулировании тарифов на отдельные виды услуг" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 15, ст. 145);
      постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 7 сентября 1994 г. N 1003 "О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 23 марта 1994 г. N 288".

      Первый заместитель
      Премьер-министра
      Республики Казахстан

Мұнай өнiмдерiне бағаны босату туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қарашадағы N 1224 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Бәсекелестiктi одан әрi дамыту және мұнай өнiмдерiн сатумен айналысатын шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлер үшiн бiрдей жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Республиканың мұнай өңдейтiн зауыттары мен "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының кәсiпорындары мұнай өнiмдерiн 1994 жылдың 7 қарашасынан бастап еркiн бағамен сататын болсын.
      2. "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының кәсiпорындары 1994 жылдың 7 қараша айындағы жағдай бойынша 1994 жылдың 7 қарашасына дейiн 1,6 коэффициентте реттелетiн бағамен сатылған мұнай өнiмдерiнiң қалдығын түгендеп, қайта бағаласын. Айырма сома өздерiнiң айналым қаржыларын толықтыруға бағытталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мұнай өңдейтiн және мұнаймен жабдықтайтын кәсiпорындардың шығарған және сатқан мұнай өнiмдерiне арналған бағаларға бақылау жасауды "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысында  көзделген тәртiпте жүзеге асырсын.
      4. "Энергия көздерiнiң бағасын мемлекеттiк реттеу және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтердiң қымбаттауына байланысты халықты әлеуметтiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 қаңтардағы N 68 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 2, 29-бап) 5-тармағының;
      "Энергия көздерiнiң мемлекеттiк реттелетiн бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 тамыздағы N 678 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 32, 368-бап) 3-тармағындағы 2 абзацтың;
      "Энергия ресурстарына бағаны босату және қызмет көрсетудiң кейбiр түрлерiнiң тарифтерiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 наурыздағы N 288 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 15, 145-бап) 3 және 4-тармақтарының;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 наурыздағы N 288 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қыркүйектегi N 1003 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары