Республика металлургия өнеркәсiбiндегi жұмыстардың
қауiпсiздiгiнiң проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер және
сараптау жүргiзу, апаттан және зақымданудан сақтандыру жөнiндегi
басқа да алдын алу шараларын жүзеге асыру қажеттiгiне байланысты
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Шикiзатты кешендi өңдеу жөнiндегi
ұлттық орталығының Химия-металлургия институты (Қарағанды қаласы)
жанынан қара металлургия кәсiпорындарына арналған Техника
қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Минералды шикiзатты кешендi
өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығының Шығыс түстi металдар
ғылыми-зерттеу институты (Өскемен қаласы) жанынан түстi металлургия
кәсiпорындарына арналған техника қауiпсiздiгi жөнiндегi
ғылыми-зерттеу орталығы құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз
жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау комитетiне ғылыми-зерттеу
орталықтарының қызметiне әдiстемелiк және жедел басшылық ету, осы
орталықтардың ережесi мен құрылымын, олардың жұмысын реттейтiн өзге
де нормативтiк құжаттарды пысықтау мен келiсу жүктелсiн.
<*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1031 қаулысымен.
P961031_
4. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi
қадағалау және кен қадағалау комитетi мен Химия-металлургия институты
және Шығыс түстi металдар ғылыми-зерттеу институты үш ай мерзiмде
аталған ғылыми-зерттеу орталықтарының ережелерi мен құрылымын әзiрлеп,
бекiтсiн.
<*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1031 қаулысымен.
5. Металлургия өнеркәсiбiндегi жұмыстың қауiпсiздiгi жөнiндегi
ғылыми-техникалық орталықтар қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары
белгiленсiн:
еңбек қауiпсiздiгi талаптарының шарттарын негiзге алып,
техникалық құжаттамаға мемлекеттiк сараптауды жүзеге асыру, жаңадан
әзiрленген, жаңартылған шетелдiк металлургия жабдықтары мен
бақылау-өлшеу приборларын сынау және сертификаттау;
техника қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша металлургия
кәсiпорындарының объектiлерiн салу, қайта жаңарту және жоюға
(тарату) арналған жобалық құжаттамаға нысаналы сараптама жүргiзу;
техника қауiпсiздiгi бойынша корпорациялармен, компаниялармен,
концерндермен, бiрлестiктермен, кәсiпорындармен бiрге ереже
жобаларын және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттама жасау,
сондай-ақ металлургия объектiлерiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу
мәселелерi бойынша келiсiмдер мен қорытындылар беретiн құжаттарды
әзiрлеу;
техника қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша жобалық-сметалық
құжаттама әзiрлеуге қатысу.
6. Ғылыми-зерттеу орталықтарын қаржыландыру барлық меншiк
түрiндегi металлургия өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарымен тiкелей
жасалған шарттар бойынша шаруашылық есеп негiзiнде, ал
перспективалық және ұзақ мерзiмдi сипаттағы ғылыми-зерттеулер
металлургия кәсiпорындарының техника қауiпсiздiгi проблемалары
жөнiндегi мақсатты ғылыми зерттеулерге бөлiнген аударымдарының
есебiнен құрылған Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты
қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау комитетiнiң
орталықтандырылған қорынан жүзеге асырылсын.
<*>
ЕСКЕРТУ. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1031 қаулысымен.
7. Ғылыми-зерттеу орталықтары қызметкерлерiнiң еңбегiне
ақы төлеу қолданып жүрген заңдар мен нормативтiк актiлерге
сәйкес, контракт және шаруашылық есеп негiзiнде белгiленсiн.
8. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi,
мемлекеттiк корпорациялар, концерндер, компаниялар, бiрлестiктер
мен кәсiпорындар ғылыми-техникалық және ғылыми тәжiрибе базасын
жасауда ғылыми-зерттеу орталықтарына жәрдем беретiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi