Қазақстан Республикасы туралы және елiмiзде болып жатқан
өзгерiстер туралы әлем жұртшылығын жүйелi хабардар ету, экономиканың,
саясаттың, мәдениеттiң, ғылым мен бiлiмнiң түрлi салаларында
өзара тиiмдi ынтымақтастықты кеңейту, шетелдiк әрiптестермен
iскерлiк байланыстар орнатуға қолдау жасау мақсатында Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер
Кабинетiнiң баспасөз қызметтерiнiң, "Дидар" баспа компаниясының
/Алматы/, "Атамекен" корпорациясының /Нью-Йорк/ ағылшын, француз
және немiс тiлдерiнде жарық көретiн халықаралық "DIDAR-KAZAKSTAN"
журналын шығару туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Журналдың шығарушылары Қазақстан Республикасының
Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң баспасөз қызметтерi,
"Дидар" баспа компаниясы мен "Атамекен" корпорациясы деп белгiленсiн.
3. Журналды шығару, оған жазылу және оны тарату демеушiлер
бөлген қаражатты тарта отырып, жүзеге асырылатындығы назарға
алынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi