Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 2 марта 1995 г. N 210. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2007 года N 99
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 2 наурыздағы N 210. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.02.13. N 99 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен Ленинск қаласындағы арнаулы өкiлiнiң қызметiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 ақпандағы N 2045 өкiмiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен Ленинск қаласындағы арнаулы өкiлi аппаратының шектi саны 6 (алты) адам және 1 (бiр) қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен Ленинск қаласындағы арнаулы өкiлiнiң лауазымдық жалақысы Ленинск қаласы әкiмiнiң лауазымдық жалақысына, ал оның аппаратындағы басқа қызметкерлердiң жалақысы Ленинск қаласы әкiмшiлiгiнiң тиiстi қызметкерлерiнiң жалақысына теңестiрiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен Ленинск қаласындағы арнаулы өкiлi аппаратын қаржыландыру республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi арқылы жүзеге асырылатын болсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы мақсаттарға қажеттi қаражатты қарастырсын.
4. Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Шаруашылық Басқармасымен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен Ленинск қаласындағы арнаулы өкiлiне ұйымдастыру iсiнiң техникасы мен қызметтiк автомобиль сатып алуына көмек көрсететiн болсын.
5. Ленинск қаласының әкiмi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен Ленинск қаласындағы арнаулы өкiлiнiң қызметiн, оның аппаратын орналастыру, заңды ұйым құру, байланыс құралдарын бөлу және сервистiк қызмет көрсету жағынан қамтамасыз ететiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi