О формировании стратегического собственника в акционерном обществе "Павлодарский алюминиевый завод"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 1995 г. N 1318

      В целях завершения формирования стратегического собственника, привлекаемого для оздоровления и инвестирования предприятий боксито-глиноземного комплекса, а также обеспечения поступления в государственный бюджет республики денежных средств от продажи государственного пакета акций Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом:
      в недельный срок передать для реализации Государственному комитету Республики Казахстан по приватизации часть государственного пакета акций акционерного общества "Павлодарский алюминиевый завод" в размере 20 процентов от уставного фонда;
      в месячный срок внести необходимые дополнения в договор об управлении между Государственным комитетом Республики Казахстан по управлению государственным имуществом и фирмой "Уайтсвен Лимитед" от 13 декабря 1994 г. N 22-51/42, вытекающие из постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 1 сентября 1995 г. N 1215 "О привлечении инвестиций в акционерное общество "Павлодарский алюминиевый завод" и настоящего постановления.
      2. Государственному комитету Республики Казахстан по приватизации в двухнедельный срок реализовать часть государственного пакета акций акционерного общества "Павлодарский алюминиевый завод" в размере 20 процентов от уставного фонда на оговоренных условиях определенному инвестору - управляющей фирме "Уайтсвен Лимитед".
      3. Нереализованную часть государственного пакета акций акционерного общества "Павлодарский алюминиевый завод" оставить в распоряжении Государственного комитета Республики Казахстан по управлению государственным имуществом.
      4. Признать утратившим силу подпункт 3 пункта 1 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 1 сентября 1995 г. N 1215 "О привлечении инвестиций в акционерное общество "Павлодарский алюминиевый завод".
     Премьер-министр
   Республики Казахстан


"Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамында стратегиялық меншiк иесiн қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 11 қазан N 1318

      Боксит-глинозем кешенi кәсiпорындарын сауықтыру және инвестиция бөлуге тартылатын стратегиялық иесiн қалыптастыруды аяқтау, сондай-ақ мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан ақшалай қаражаттың республиканың мемлекеттiк бюджетiне түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамының жарғы қорының 20 процентi көлемiнде мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн сату үшiн, бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн;
      "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамына инвестициялар тарту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 1 қыркүйектегi N 1215 қаулысына және осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Уайтсвен Лимитед" фирмасы арасындағы 1994 жылғы 13 желтоқсандағы N 22-51/42 басқару туралы шартқа бiр ай мерзiмде қажеттi толықтырулар енгiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамының жарғы қорының 20 процентi көлемiнде мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн келiсiлген шарттармен белгiленген инвесторға - "Уайтсвен Лимитед" басқарушы фирмасына екi апта мерзiмде сатсын.
      3. "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiнiң сатылмаған бөлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң иелiгiнде қалдырылсын.
      4. "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамына инвестициялар тарту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 1 қыркүйектегi N 1215 1-тармағындағы 3-тармақшасының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi