Қарашеңгел мемлекеттiк аңшылық шаруашылығында жерсiндiрiлген
тоғай кермаралының биологиялық ерекшелiктерiн одан әрi зерттеу
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен және
Қаржы министрлiгiмен, Ұлттық ғылым академиясымен Қарашеңгел
мемлекеттiк аңшылық шаруашылығының өзiне бекiтiлген аумақтан
1995-1996 жылдары он бас тоғай кермаралдарын алуы жөнiнде келiсiлген
ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
министрлiгi Қарашеңгел мемлекеттiк аңшылық шаруашылығына он бас
тоғай кермаралын аулауға рұқсат берсiн және берiлген рұқсаттың дер
кезiнде пайдалануына бақылау орнатсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi