Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң аппаратына әкiмшiлiк
үйлерiн, мейманханаларды иелену, пайдалану және иелiк ету
құқықтарымен беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996
жылғы 8 қаңтардағы N 28 қаулысының;
"Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық
мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 ақпандағы N 139 қаулысының;
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 28
қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 526 қаулысының
күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi