"Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп
комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1996 жылғы 19 сәуiрдегi N 2956
U962956_
Жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Үстiмiздегi жылдың аяғына дейiн республикалық бюджетте
орталық және жергiлiктi атқарушы органдары қаржыландыруға арналып
1996 жылға көзделген қаражат есебiнен Республикалық бюджеттiң
атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiн ұстауға арналған шектi
шығыстар 55528 000 (елу бес миллион бес жүз жиырма сегiз мың) теңге,
оның iшiнде iссапар шығыстары 6114 млн (алты миллион жүз он төрт
мың) теңге сомасында бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Республикалық
бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiн ұстауға
арналған шығыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi