Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының
ғылыми мекемелерi жүйесiн оңтайландыру, кадр әлеуетi мен бюджет
қаржысын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Социология
және саясаттану институты таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы
заңдарда белгiленген тәртiппен тарату процедураларын жүргiзсiн.
3. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi