1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру және қайта құрылымдау
бағдарламасына сәйкес, кәсiпорынды қаржылай сауықтыру, инвестициялар
тарту және шикiзат базасын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңда белгiленген тәртiппен:
"Ақбақай тау-кен байыту комбинаты" акционерлiк қоғамы
акцияларының мемлекеттiк пакетiн тендерде сату үшiн Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiне берсiн;
"Алтыналмас" акционерлiк компаниясының мемлекеттiк
кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк
пакетiн басқару туралы" N 20/95 шартына тиiстi өзгерту енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi заңда белгiленген тәртiппен "Ақбақай тау-кен байыту
комбинаты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатуды
жүзеге асырсын.
3. "Алтыналмас" ұлттық акционерлiк компаниясының мәселелерi"
туралы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1995 ж., N 18, 200-құжат)
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 мамырдағы
N 704 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
аталған қаулының қосымшасынан:
"Ақбақай ТБК АҚ, Жамбыл облысы" сөздерi алынып тасталсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi