"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын экономикалық
тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1030
P961030_
қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
"Эйр Қазақстан" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамын
мемлекеттiк тiркеу үшiн құжатын заңды тұлғаның тiркегенi үшiн
мемлекеттiк алым төлеу туралы төлем тапсырмасынсыз қабылдасын;
1996 жылғы 15 қазанға дейiн "Эйр Қазақстан" жабық үлгiдегi
акционерлiк қоғамын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Эйр Қазақстан" жабық үлгiдегi
акционерлiк қоғамы мемлекеттiк тiркеу үшiн алымды үш ай мерзiмде
төлесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi