Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым
Академиясының:
Қазақ КСР Ғылым Академиясының Физика-техникалық институтына
Қазақ КСР Ғылым Академиясы Жоғары энергиялар физикасы институтын
қосу арқылы Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясының Физика-техникалық институты етiп қайта құру туралы:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
Ғ.С.Сәдуақасов атындағы Ұйғыртану институтының базасында Қазақстан
Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Шығыстану
институтын ұйымдастыру туралы ұсыныстары қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясы жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Ғылым
министрлiгi - Ғылым академиясы ғылыми-зерттеу институттарының
жарғыларын бекiтсiн.
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi
Рамазан Бимашұлы Сүлейменовтi мәңгi есте қалдыру туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 20 қаңтардағы N 88
қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 5,
45-құжат);
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Ұйғыртану
институтына Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының
корреспондент-мүшесi Ғожахмет Сәдуақасұлы Сәдуақасовтың есiмiн беру
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы
14 маусымдағы N 629 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж.,
N 25, 269-құжат).
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi