1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына
бөлiнген бюджеттiк несие бойынша мерзiмi кешiктiрiлген берешегi
болуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1996 жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаржы
сомасы шотына 1996 жылғы 1 қарашадағы жағдайы бойынша проценттерi
қосылған 301926,0 мың теңге сомасындағы несиеге мынадай есептеу
жүргiзсiн:
"Еңбекақыға есептеу" 2-бабы бойынша Қазақстан Республикасының
Бiлiм министрлiгiне - 112115,2 мың теңге, Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлiгiне 12000 мың теңге, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiне - 18000 мың теңге, Шекара әскерлерi әскери институтына 800
мың теңге;
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiне санаторийлық-курорттық емдеудi төлеуге және
пайдаланылмаған санаторийлық-курорттық жолдамаларды өтеуге 85510,8
мың теңге;
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне - Қызылорданың
6-ЖЭО алдындағы қарызын өтеу үшiн, оның Қазақстан Республикасының
Зейнетақы қорына 19000 мың теңге берешегi шегiнде;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне - Қазақстан
Республикасының Зейнетақы қоры алдындағы берешегi шегiнде Семей
"Гортеплокоммунэнерго" өндiрiстiк бiрлестiгi алдындағы кредиттiк
берешегiн өтеуге - 8000 мың теңге және ЖЭО-ға - 21000 мың теңге,
Алматы трамвай-троллейбус басқармасына 25500 мың теңге.
Аталған есептеу 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң
кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi:
Зейнетақы қоры осы қаулымен жүргiзiлген есептеуге жоғарыда
көрсетiлген төлем төлеушiлердiң Зейнетақы қорының алдындағы берешегiн
өтеудi ескере отырып Зейнетақы қорының 1996 жылға арналған кiрiстер
және шығыстар бөлiгiнде тиiстi өзгерiстер енгiзсiн;
Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорымен
санаторийлық-курорттық емдеудi төлеу және пайдаланбаған
санаторийлық-курорттық жолдамалардың өтемақысы жөнiндегi берешектi
есептеу сомасы бойынша өзара қатысы жөнiнде тиiстi операциялар
жүргiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi