Қаржы нарығының барлық субъектiлерi жұмысының тиiмдiлiгiн
қамтамасыз ету және үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Кәсiпкерлерi конгресiнiң, Қазақстан Сақтандырушылар
одағының, Қазақстанның коммерциялық банктерi ассоциациясының және
Қазақстан аудиторлар палатасының "Қаржы нарығы институты" қоғамдық
қорын құру туралы ұсынысы қолдалсын.
2. "Қаржы нарығы институты" қоғамдық қоры мына мақсаттарда
құрылады:
мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк емес ұйымдарға арналған
қаржылық нарықты дамыту туралы талдау және ақпараттық материалдарды
әзiрлеу;
қаржылық нарықты дамыту және консалтингтiк қызметтердi жүзеге
асыру жөнiндегi бағдарламаларды, құқықтық нормативтiк актiлердi және
өзге де материалдарды тәуелсiз экономикалық және құқықтық сараптама
жүргiзу;
қаржы нарығының барлық субъектiлерi үшiн бiлiктi кадрларды
даярлау және қайта даярлау;
қаржы нарығы субъектiлерi үшiн бiрыңғай ақпараттық база құру;
қаржы нарығы субъектiлерi үшiн бағдарламалық, әдiстемелiк және
оқу материалдарын әзiрлеу;
оның жарғысына сәйкес басқа мiндеттердi шешу.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi үстiмiздегi жылдың 30 желтоқсанына
дейiн "Қаржы нарығы институты" қоғамдық қорын мына мекен-жай бойынша:
Алматы қаласы, Гоголь көшесi, 84-үйде орналастырсын және мұны
жарғылық қорға жарна ретiнде ресiмдесiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан
Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қаржы
нарығы институты" қоғамдық қорының қалыптасуы үшiн қайтарым негiзiнде
қаржылық көмек мүмкiндiгiн iздестiрсiн және көрсетсiн.
5. "Қаржы нарығы институты" қоғамдық қоры Үкiмет актiлерiн,
министрлiктер мен ведомстволардың нормативтiк құжаттарын алатын
ұйымдардың тiзбесiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi