Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қарағанды көмiр бассейнiнiң кәсiпорындарын қаржы-экономикалық
сауықтыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 908
P960908_
қаулысына мынадай
өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Долинская", "Шерубай Нұра" шахталары оларды жабу жөнiндегi
жұмысты жүргiзу үшiн "Карагандаликвидшахт" мамандандырылған
кәсiпорнынан берiлсiн";
6-тармақ 7-тармақ болып саналсын;
6-тармақ мынадай редакцияда берiлсiн:
"6. "Карагандаликвидшахт" мамандандырылған кәсiпорны 1996 жылғы
1 тамызға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жою
жұмыстарын жүргiзу бағдарламасын тапсырсын".
Осы қаулыға 1 қосымшадан "Долинская" шахтасы, "Шерубай-Нұра"
шахтасы сөздерi алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi