Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қарағанды көмiр бассейнiнiң кәсiпорындарын қаржы-экономикалық
сауықтыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 908 қаулысының 2-қосымшасына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
қарыздар құрылымын бағалау және талдау, оларды өтеу тетiгi мен
мерзiмдерiн белгiлеу жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Розе В.Е. - Меммүлiктi басқару жөнiндегi Қарағанды
аумақтық комитетiнiң төрағасы, Қарағанды
облысы әкiмiнiң орынбасары, комиссия
төрағасы
Қынатов М.П. - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi
банкi басқармасы төрағасының бiрiншi
орынбасары, төрағаның орынбасары;
аталған құрамнан Б.М.Имашев, М.С.Итеғұлов шығарылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары