О дополнительных мерах по усилению контроля за поступлением средств в бюджет от производства и реализации подакцизной продукции

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 января 1997 г. N 68

     В целях недопущения потерь и хищений при транспортировке по территории Республики Казахстан всех видов спирта, а также усиления контроля за поступлением средств в бюджет от производства и реализации подакцизной продукции Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Налоговому комитету совместно с Таможенным комитетом Министерства государственных доходов Республики Казахстан и Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан разработать механизм отслеживания перемещения всех видов спирта от производителя до конечного потребителя. <*>
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 января 1999 г. N 31 P990031_ .
      2. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан обеспечить ежесуточную передачу управлениями железных дорог сведений территориальным налоговым органам о поступлении спирта в Республику Казахстан по международным железнодорожным стыковым путям.
      3. Таможенному комитету Министерства государственных доходов Республики Казахстан:
      ежемесячно представлять в Комитет по государственному контролю над производством и оборотом алкогольной продукции и Налоговый комитет Министерства государственных доходов Республики Казахстан информацию о перемещении через таможенную территорию Республики Казахстан всех видов импортируемого спирта, алкогольной продукции и пива по установленной форме, а также информацию о перемещении через таможенную территорию Республики Казахстан табачной продукции в Налоговый комитет Министерства государственных доходов Республики Казахстан;
      усилить контроль за исполнением режима переработки казахстанских товаров вне территории Республики Казахстан, продуктами переработки которых являются подакцизные товары по ранее заключенным хозяйствующими субъектами контрактам. <*>
      Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 января 1999 г. N 31 P990031_ .
      4. Министерству экономики Республики Казахстан прекратить практику выдачи заключений на переработку товаров, продуктами переработки которых являются спирт, алкогольная, табачная продукция и пиво.
      5. Комитету по стандартизации, метрологии и сертификации Республики Казахстан и его органам на местах ввести в состав комиссий по выдаче лицензий на производство спирта всех видов и алкогольной продукции представителей налоговых органов и Ассоциации производителей спирта и алкогольной продукции "Казалко".
      6. Национальному статистическому агентству Республики

Казахстан предусмотреть в регламенте работ на 1997 год отчетность о
производстве и реализации спирта и алкогольной продукции по
изготовителям.
     7. Государственному налоговому комитету Республики Казахстан
до 15 апреля 1997 года представить информацию о ходе реализации и
эффективности действия настоящего постановления по результатам
работы за 1 квартал 1997 года.
     8. Настоящее постановление вступает в силу с момента
опубликования.

     Первый заместитель
      Премьер-Министра
    Республики Казахстан
      
      


Акциздеуге жататын өнiмдi өндiру мен сатудан алынған қаражаттың бюджетке түсуiне бақылауды күшейту жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 68

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша спирттiң барлық түрiн тасымалдау кезiнде шығын мен ұрлыққа жол бермеу, сондай-ақ акциздеуге жататын өнiмдi шығару мен сатудан алынатын қаражаттың бюджетке түсуiне бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кіріс министрлігінің Салық комитетi Кеден комитетiмен, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп, спирттiң барлық түрлерiнiң өндiрушiден түпкiлiктi тұтынушыға дейiн жылжуын бақылау тетiгiн әзiрлесiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.01.19. N 31 қаулысымен.
               P990031_
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi темiр жол басқармаларының тәулiк сайын аумақтық салық органдарына халықаралық түйiсу жолдары бойынша Қазақстан Республикасына спирттiң түскенi туралы хабарлап отыруын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кіріс министрлігінің Кеден комитетi: <*>
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кiріс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi мен Салық комитетiне белгiленген нысан бойынша Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн импортталған спирттiң, алкогольдi өнiмдердiң және сыраның барлық түрлерiнiң қозғалысы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық комитетіне Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн темекi өнiмдерiнiң қозғалысы туралы ақпарат ұсынсын; <*>
      ұқсатылған өнiмi акциздеуге жататын тауар болып табылатын Қазақстан тауарларының Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде ұқсату режимiнiң орындалуына бақылауды күшейтсiн.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.01.19. N 31 қаулысымен.
               P990031_
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi ұқсатылған өнiмi спирт, алкоголь, темекi өнiмдерi мен сыра болып табылатын тауарларды ұқсатуға қорытындылар беру тәжiрибесiн тоқтатсын.
      5. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi және оның жергiлiктi жерлердегi органдары спирттiң барлық түрiн және алкоголь өнiмiн шығаруға лицензиялар беру жөнiндегi комиссияның құрамына салық органдарының өкiлдерi мен "Казалко" спирт және алкоголь өнiмiн шығарушылар ассоциациясының өкiлдерiн енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттiгi 1997 жылға арналған жұмыстар регламентiнде өнiм өндiрушiлер бойынша спирт пен алкоголь өнiмiн шығару мен сату туралы есептi көздейтiн болсын.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi 1997

жылдың 15 сәуiрiне дейiн 1997 жылдың I тоқсанындағы жұмыс нәтижелерi
бойынша осы қаулының iске асырылу барысы мен тиiмдiлiгi туралы
ақпарат ұсынатын болсын.
     8. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары